-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өңірге серпін берер жоба

    03.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экономика
    Өңірге серпін берер жоба
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Heritage Investment Holding компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесуде құрылыс саласын қарқынды жүргізіп, қонақ үй салумен айналысатын кәсіпорынның инвестициялық жобасы талқыланды.

    Қонаев қаласында 5 жұлдызды қонақ үй салуға ұсыныс білдіріп отырған компанияның президенті Rakeshkumar Rajdev – Үндістанның Гуджарат штатындағы Раджкотта қаласында туған белгілі кәсіпкер. Оның Үндістанның Дваркада қаласында «Roma Kristo» атты 3 жұлдызды қонақ үйі бар. Ал биыл Грузияның Батуми қаласында 5 жұлдызды «Courtyard by Marriott» қонақ үйін ашты. Кәсіпкердің бұдан басқа Дубайда 3 компаниясы бар.

    Кездесу барасында алғашқы болып сөз алған Марат Елеусізұлы қонақтарға құрмет көрсетіп, Алматы облысына келген сапарларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар өңір экономикасының серпінді тұстарын тілге тиек етіп, облыс орталығы Қонаев қаласының даму жолына тоқталып өтті. Келесі кезекте ірі компанияның сәулетшілері Christian Semaan мен Nare Salorian инвестициялық жоба жайын әңгімелеп, облыс орталығында бой көтеретін қонақ үй мен ойынхананың көрсетілімін таныстырды. Облыс әкімі Қонаев қаласының көркін ашып, өңірдің өркендеуіне үлес қосатын жобаға жоғары баға беріп, қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ инвестициялық жобаны жүзеге асыруда қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін алға тартты. Артынша сөз алған компанияның атқарушы директоры Ashot Tumanian өңір басшысынан құжат дайындау кезеңдерінен бастап құрылыс жұмыстары қарқын алғанда электр энергиясымен қамтып, газдандыруға көмектесіп, көгалдандыру шараларына қолдау танытуын сұрады. Осы орайдағы барлық қызмет жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетінін жеткізген Марат Елеусізұлы ең бастысы дәл көрсетілімдегідей сапалы да сәнді, қала ажарын айшықтайтын ғимараттың сап түзеуін сұрады. Жоспардағыдан да жарқын қонақ үй болатынына уәде берген компания өкілдері сенім танытқан облыс әкіміне зор алғысын жеткізді. Бес жұлдызды қонақ үй тек қалталы азаматтардың ғана емес, қала тұрғындарының да демалыс орнына айналмақ. Бұл қонақ үйде балалардың ойын алаңдары мен үлкендер сергіп қайтатын спа салондар, кәсіпорынның әлем бойынша әйгіленген хош иісті тағамдары бар асханалар қызмет көрсетпек.

    Алдағы уақытта құжаты дайындалып, басқа да мәселелері шешілсе, қонақ үйдің құрылыс жұмысы келер жылдың басында басталмақ.

    Құралбек Сәбитов,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    Жастарға жол ашатын ұлттық жоба

    1 year ago
    Амал келді, жыл келді!

    Амал келді, жыл келді!

    3 months ago
    Қонаевта “Мың бояулы аспан” әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр

    Қонаевта “Мың бояулы аспан” әуе шарлары фестивалі өтіп жатыр

    2 years ago
    Бабалар есімін жаңғыртқан

    Бабалар есімін жаңғыртқан

    3 months ago
    Марат Сұлтанғазиев Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

    Марат Сұлтанғазиев Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.