-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заңбұзушылық анықталды

    30.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Заңбұзушылық анықталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

             Қонаев қаласындағы өңірлік коммуникациялар орталығында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов брифинг өткізді.

    Департамент басшысының мәлімдеуінше, облыста биылғы бірінші жартыжылдықта барлығы 33 аудиторлық іс-шара атқарылған. Оның ішінде үш тексеріс жоспар бойынша жүргізілсе, қалған 30-ы заңды және жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралған. Сондай-ақ бұл тексерулер мони­торинг деректеріне сүйене отырып жүргізілген. Атқарылған аудиторлық іс-шаралардың нәти­жесінде жалпы 9,7 млрд теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде, қаржылық заңбұзушылықтар сомасы 7,8 млрд теңгені немесе 79,3 пайызды, ал рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтар сомасы 2 млрд теңге немесе 20,7 пайызды құраған. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде анықталған заңбұзу­шылықтар сома­сынан бухгалтерлік жазбалар беру арқылы және есеп бойынша көрсету арқы­лы қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын сома мөлшері 7,7 млрд теңге болып белгіленіп, анықталған заңбұзушылықтар толық көлемде қалпына келтіріл­ді. Сондай-ақ көлемі 4,1 млрд теңге немесе 53,3 пайызды құрайтын заңбұзушылықтар есеп бойынша көрсетіліп, бюджетке қайтарылған. Департамент тұрақты негізде қаржылық заңбұзушылықтарды өтеу және қалпына келтіру бойынша жұмыс істеуде. Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
    Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің жұмыс нәтижелері бойынша департамент тарапынан және жеке 2023 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті жүргізілді. Осылайша, 4 нысан бойынша қаржылық есептілік аудитімен қамтылған баланс валютасының жалпы сомасы 42,1 млрд теңгені құрады. Алматы облысы бойынша 2023 жылға жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қоры­­тындысына сәйкес, жалпы сомасы 6,9 млрд теңгенің қаржылық заңбұзушылықтары, яғни, ведомстволық бағыныстағы мекемелердің жарғылық капиталын бухгалтерлік есепке алу бойынша көрсетпеу фактілері және 572,7 мың теңгенің рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтары анықталды.
    Анықталған заңбұзушылықтар мен кемшілік­тердің себептері бюджеттік тәртіпті сақта­мау, бюджеттік есепке алуды регламенттей­тін нормативтік-құқықтық актілерді жеткіліксіз зерделеу болып саналады. Бұл бюджет қаражатын заңнаманы бұза отырып пайдалануға әкеліп соғады.
    Департамент биылғы 1 қаңтар мен 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша жалпы сомасы 346,9 млрд теңге болатын 12180 лотты камералдық бақылауға алды. Оның ішінде жалпы сомасы 320 млрд теңгеге жететін 11963 лотты қарады, нәтижесінде 75,2 млрд теңгеге тең келетін 2379 лот бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Жалпы сомасы 346,9 млрд теңгені құрайтын заңбұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданып, оның ішінде 57,5 млрд теңге болатын 2305 лот бойынша міндеттер орындалды.
    Департаментте биылғы бірінші жартыжылдықта 371 әкімшілік материал тіркелген, оның ішінде, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 462-бабы бойынша 108 камералдық бақылау бөлімінің материалы соттың қарауына берілді. 2024 жылғы 26 маусымға дейінгі жағдай бойынша департаментте 263 материал қаралып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және жалпы сомасы – 26,1 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде өндірілгені – 25,6 млн теңге.
    Қорыта айтқанда, 2023 жылдың бірінші жарты­жылдығындағы әкімшілік айыппұлдар саны 160 болса, жалпы сомасы 14,3 млн теңгені құраған. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әкімшілік айыппұлдар санының өсуі 232 пайызды құрады.
    Департамент басшысы сот органдарына жолданған талап-арыз, жеке және заңды тұлға­лардан түскен өтініштер, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау салалары бойынша атқарылған жұмыс жайын жан-жақты баяндап, журналистерге түсіндіріп өтті.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Назардан тыс қалмайды

    Назардан тыс қалмайды

    11 months ago
    Алматы облысында заңсыз салынған құрылыс нысандары тексеріледі

    Құрылыс қарқыны қадағалауда

    1 year ago
    Тіл – тарихтың айнасы

    Тіл – тарихтың айнасы

    1 month ago
    Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

    Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

    9 months ago
    Стратегиялық маңызы зор

    Стратегиялық маңызы зор

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>