-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Зауыт іргетасы қаланды

    24.07.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Зауыт іргетасы қаланды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Бүгін Іле ауданындағы полигонның сенімгерлік басқарушысы «ADC TAZA А’Lem» ЖШС негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді материалдарды, темірбетон бұйымдарын қайта өңдейтін және қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаның жалпы құны шамамен 32,6 млрд теңгені құрайды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да сұралған қаражат көлемі – 24,3 млрд теңге. Бұл жоба іске қосылғанда 70-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

    «Жасыл даму» АҚ бірнеше бағдарламаны жүзеге асырады. Соған орай Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекіткен болатын. Қаржыландыру «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы бөлінбек. Оның сыйақы мөлшерлемесі 3% және қарыз беру мерзімі үш жылдан 15 жылға дейін деп белгіленген. Үш жыл ішінде бөлінетін қаражаттың жалпы көлемі – 185 млрд. теңге.

    ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жобалау тобы барлық әкімдіктермен, сондай-ақ салалық бизнес өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша жалпы құны 232,2 млрд теңгені құрайтын 94 жоба іріктелді.

    Қазір Экология  министрлігі 147 763 млн  теңгенің 30 инвестициялық жобасын қарап, қорытындысында осы бизнес субъектілері қор талаптарына сәйкес екінші кезеңдегі құжаттар топтамасын дайындауға кірісті. Оның ішінде қордан сұралатын қаржыландыру көлемі 125 201,8 млн теңге болмақ. Бұдан бөлек, қорда қарастырылған 24,3 млрд теңгенің үш жобасы әкімдіктерге жолданды, оның ішінде сұралатын сома 19,5 млрд теңгені құрайды.

    Салтанатты жиында сөз алған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Руслан Төкенов:

    –  Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі қалалардың  жанынан қатты  тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар салуды міндеттеген болатын. Осы орайда Үкіметте 94 ірі жоба  дайындалды. Бұл жобалар аясында болашақта елімізде 2,2 млн тонна қалдық өңделіп, көрсеткіш екі есеге дейін өспек, – деді.

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдын  Бегімбеков өз сөзінде жаңа нысанның маңызы зор екенін айтып, зауыт жұмысын жандандыратын жауапты  тұлғаларға алғыс білдірді.

    Әкімдіктердің дерегі бойынша, 2023 жылы елімізде шамамен 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық түзілді, оның ішінде 1 млн тоннасы (24 пайызы) сұрыпталды және қайта өңделді. 2022 жылы шамамен 4,3 млн тонна қалдық түзіліп, оның 25 пайызы қайта өңделді). Қалған көлемі полигондарда көмілді.

    Облыстың ресми ақпараты бойынша, 2023 жылы 440 мың тонна коммуналдық қалдық түзіліп, оның 92 мың тоннасы, яғни 21,1 пайызы сұрыпталып, қайта өңделген.

    Бейбіт Мекеев,

    Іле ауданы

     

    1 of 10
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    Ұсынымдар

    Діни тұрақтылық – қоғамдық қауіпсіздік кепілі

    Діни тұрақтылық – қоғамдық қауіпсіздік кепілі

    10 months ago
    «Алтын доп» иелері Алтын адам музейін аралады

    «Алтын доп» иелері Алтын адам музейін аралады

    2 years ago
    Елімізде жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауы басталды

    Елімізде жемқорлыққа қарсы бейнероликтер байқауы басталды

    2 days ago
    Оқу мәдениеті қалыптасады

    Оқу мәдениеті қалыптасады

    7 months ago
    Алматы облысында референдум күні ретро көліктер шеруі өтті

    Алматы облысында референдум күні ретро көліктер шеруі өтті

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>