-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа зауыт салынады

    17.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Жаңа зауыт салынады
    0
    SHARES
    125
    VIEWS

    Алатау қаласында Орталық Азиядағы ең ірі зауыт бой көтереді. Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаны америкалық «PepsiCo» компаниясы қаржыландырады. Олар қытырлақ картоптан жасалатын тұзды жеңіл тағамдар шығарып, өңір экономикасына елеулі серпін бермек. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге үлкен мүмкіндік ұсынып, аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға атсалыспақ. Осы орайда зауыт салынатын жер телімі белгіленген аймаққа барған бір топ тілшілер Орта Азия нарығындағы алып кәсіпорынның жай-жапсарын біліп қайтты. Журналистерді күтіп алған «PepsiСo» компаниясының өкілі Константин Федорчук зауыт жөнінде толық мағлұмат беріп, құрылыс жұмысы биыл қыркүйек айында басталатынын, 2026 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді.

    Америкалық «PepsiСo» компаниясының «Lays», «Хрус team», «Cheetos», «Из печи» тұзды қытырлақтары мен «Pepsi», «Фруктовый сад», «J7», «Adrenaline» сусындары Орта Азия нарығында кеңінен танымал. Елімізде де аталмыш өнімдердің дәмін татпағандар кемде-кем. Өндірістік белсенділігі өте жоғары зауыт бұған дейін Ресей мен Польшада да бой көтеріп, олардың азық-түлік әлеуетін арттыруда. Ендігі кезекте өңірімізде сап түзейтін ірі кәсіпорын еліміздің ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, өңіріміздегі шаруалардың табысын арттырып, ел экономикасын нығайтпақ. «PepsiCo» компаниясының Беларусь, Кавказ және Орталық  Азия бойынша жеткізу тізбегінің аға директоры Константин Федорчук зауыт халықаралық стандарттарға сай бірегей технологиямен жабдықталатынын жеткізіп, қытырлақ картоп өндіру жұмысына $160 млн көлемінде қаражат бөлінетінін алға тартты. Кейінірек кәсіпорын жұмысын одан әрі кеңейтуге тағы 200 миллион доллар инвестицияланатынын да жасырмады. Ол өз сөзінде:

    – Зауыт жылына 16 мың тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Кейіннен 2027 жылдан бастап 21 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Дайын өнім Орталық Азия нарығына және одан тысқары жерлерге жеткізілетін болады. Бастапқы мақсат – нысанның бой көтеруі. Ол үшін құрылыс кезеңінде 1000-ға жуық адам жұмысқа тартылса, жобаның өзінде 350-ге жуық білікті маманға арналған жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынның аумағы – 26 гектар, қазіргі уақытта құрылыс жұмысына дайындық шарасы жүріп жатыр, – деді. Сондай-ақ ол өнім шығаруда жергілікті шикізат қолданылатынын тілге тиек етіп, бастапқы уақытта компания 66 мың тонна картопты жергілікті шаруалардан сатып алуды көздеп отырғанын, кейінірек көлемі одан әрі ұлғайтылатынын сөзіне қосты. Қытырлақ шығаратын картоптың сорты жоғары, сапасы мықты болуы  керектігін де айтып өтті. Сонымен қатар 20 мың тоннаға жуық дайын өнім шығару үшін 70 мың тонна шикі картоп жұмсалатынын да жеткізді. Мемлекеттік арнайы бақылаудағы инвестициялық жобалардың басымдық пулына кіретін ірі жоба жайында сөз қозғаған «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Ержан Елекеев «PepsiCo» компаниясы ірі жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. Ол:

    – Біз Орталық Азиядағы ең ірі зауытты ашуға компанияның қол жеткізгеніне өте қуаныштымыз. Қазіргі уақытта болашақ зауыттың орны таңдалып, нысанның құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. PepsiCo директорлар кеңесі экспорттық әлеуеті мықты жобаның бірінші кезеңіне үлкен қаржы бөлсе, екінші кезеңіне одан да көбірек инвестиция салуды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде аймаққа экономикалық серпін береді, – деп сөзін түйіндеді. Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов заманауи зауыттың қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқтығын баса айтып, жаңа кәсіпорынның қалдықтары 100 пайыз қайта өңделіп, кәдеге жаратылатынын сөз еті. Сондай-ақ өңіріміз үшін тиімді тұстарын тарқатып, аталмыш зауыт аймақтың әлеуетін арттырып, салық табыстарын еселейтінін жеткізді. Жол картасына сәйкес жергілікті әкімдік инвесторларға газ құбырын тартып, электр желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететінін алға тартты.

    Құралбек Сәбитов

    Ұсынымдар

    Тәрбие талбесіктен басталады

    Тәрбие талбесіктен басталады

    3 months ago
    Зергерлік өнер – ұрпаққа мұра

    Зергерлік өнер – ұрпаққа мұра

    1 year ago
    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    1 year ago
    Киелі топырақтың түлегі

    Киелі топырақтың түлегі

    2 years ago
    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    ОСК: Дауыс берушілердің 57.68 пайызы таңдау жасады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.