Чехияның Пардубице қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен әлем кубогі мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додада қарасайлық үш спортшы бес медаль жеңіп алып, елге табыспен оралды.
Әлемдік кубокқа барлығы он мемлекеттен келген қырықтан астам тоғызқұмалақ ойынының шеберлері қатысты. Жарыс негізінен тоғызқұмалақтың классикалық және блиц түрлері бойынша өткізілді. Блиц ойыны бойынша бірінші орынды қарасайлық Тәжіғали Ходжамұратов пен Гүлнариям Абдугапова жеңіп алса, екінші орынды Жәмила Мамбеева еншіледі. Ал классиалық үлгі бойынша Тәжіғали мен Гүлнариям жеңістің екінші тұғырынан көрінді. Дүбірлі додада ел қоржынына олжа салған спортшыларымызды құттықтап, алдағы уақытта да биіктерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Қуат Қайранбаев,
Қарасай ауданы