Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Алматы облыстық мәслихатының «тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойыша тұрақты комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде келелі 5 мәселе қаралып, облысымыз бойынша екінші тоқсанда әлеуметтік нысандарға бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі талқыланып, өңіріміздің қалалары мен елдімекендерінің аумақтарында абаттандыру, газдандыру, су жүйесі, кәріз жүйесі және жолдар мен көшелерді электр жүйесімен жарықтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Сондай-ақ «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының жайы талқыланып, облыстың (республикалық, жергілікті) автомобиль жолдарында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі тілге тиек етілді. Жолаушы көлігі саласын дамыту облысішілік ауданаралық, ауданішілік бағыттарды ұйымдастыру мәселесі бойынша да баяндама ұсынылып, халық қалаулыларының пікірі тыңдалды.
Облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы- Дәулет Жарасбаев төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері, облыстық басқрма басшылары қатысты. Алғашқы мәселе облысымыз бойынша екінші тоқсанда әлеуметтік нысандарға бюджеттен бөлінген қаржының игерілуібойыншаоблыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Акчулакова Анар Ақшолақова сөз алып, тақырып аясындағы баяндамасын талқыға салды.
Ол ағымдағы жылдың 7 айында облыс бюджетіне 470-те 9 млрд теңге (жоспар 467-де 8 млрд. теңге) немесе 100,7%кіріс түскенін тілге тиек етіп, оның ішінде өз табыстары бойынша түсімдер 101,1% – ға немесе 290-да 6 млрд теңгеге орындалғанын жеткізді. Жоспардың асыра орындалғанын айтып, салық түсімдері бойынша ақпарат тарқатты. Жеке табыс салығы – 5,7, көлік салығы – 0,8) (жоспар бойынша 268-де 4 млрд. теңге, орындалуы 270-те 8 млрд. теңгені құрады) немесе 100,9%, оның ішінде аудан бойынша – 753-де 8 млн. теңге, жергілікті басқару салықтық түсімдері бойынша 3-те 3 млрд теңге асыра орындалғанын алға тартып, жалпы облысымыз бойынша салықжұмыстары 98,0%-ға жүзеге асқанын жеткізді. Республикалық бюджеттен трансферттер түсімдері толық көлемде 180-де 3 млрд.теңге екенін баяндап, кіріс бөлігі бойынша 7 айдың қорытындысында Алматы облысы республика бойынша соңғы 20 орынды иеленгенін хабарлады. Анар Мейірманқызы өз сөзінде:
– 2024 жылдағы жоспар 498-де 4 млрд. теңге сомасында бекітілді, күтілетін түсім 499,0 млрд. теңге немесе 100,1%.Алайда жоспардан тыс 13,7 млрд. теңге мөлшерінде түсімдер мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар түсімдерінен күтіледі, ал олар тұрақты емес.Бұл ретте, салықтық түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша шамамен 13,0 млрд. теңгені орындамау тәуекелдері бар, бұл 2023 жылғы ұқсас жағдайдың қайталануына және қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың болмауына әкеледі, – деп айтып өтті.
Баяндамашы ағымдағы жылдың 1 тамызындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдық шамамен 3,0 млрд.теңгені құрағанын атап өтіп, бұл жоспарланған шығыстарды жүргізу үшін қаражаттың жеткіліктілігін көрсететінін алға тартты. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта қалдықтардың ең көп соманың орындалмауы бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне тиесілі екенін тарқатты. Сонымен қатар халық қалаулыларынан биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы толығырақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдауды сұрады.
Келесі сөз кезегін алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамысының басшысы Айдын Бегімбеков 2024-жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Өз сөзін ауызсу мәселесінен бастап, өңірімізде 2облыстық (Алатау, Қонаев) және 3аудандық маңызы бар қалаларды(Қаскелең, Есік және Талғар)орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 99,8%-ды құрайтынын жеткізді. Сондай-ақ 368ауылды елдімекеннің 343-і(93,2%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 23(6,3%) елдімекен орталықтандырылмаған өз ұңғымаларымен, 2(0,5%) ауылда әкелінетін суды пайдаланатынын тарқатты. Ол өз сөзінде:
– Облыстағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 5128шақырым, тозу деңгейі 53,5% құрайды. 2743шақырым су желілеріне қайта жаңғырту қажет.Орталықтандырылған су құбыры бар елдімекендерде ауыз судың сапасы санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Бақылау шаралары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жүйелі түрде жүргізілуде, – деп жеткізді. Облыс тұрындарын сумен толық қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 44жобаны және су бұру бойынша 15жобаны іске асыруға 31,0 млрд теңге бөлінгенін алға тартып, бүгінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту және салу үшін 72жобалық-сметалық құжат әзірленуде екенін әңгімеледі. Сондай-ақ басқарма басшысы желілерді жаңғырту, газдандыру, абаттандыру мәселелері бойынша да атқарылған жұмыстардың жайын тізбелеп, ақпарат тарқатты.
Келесі болып баяндама жасаған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұханбетов бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 14жоба (143,2 шақырым) және күрделі жөндеу бойынша 3 жоба (8,4 шақырым)157,9шақырымға жоспарланғанын жеткізді. Оның айтуынша қазіргі таңда 92,1шақырым жол жөнделіп, жалпы жұмыстың 58%-ы аяқталған. Сонымен қатар 4 көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары бойынша уақытша жол белгілерін орнату және техниканы орналастыру жұмыстары атқарылуда. Ермек Биғазыұлы Алматы қаласы шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі Тілендиев көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етіп, аталмыш жұмыс 80-пайызға атқарылғанын айтты. Бұдан басқа, бүгінгі таңда 9 аудан және Қонаев қаласында көше-жол желісін жөндеу жұмыстары бойынша жоспарланға 327,9шақырымжолдың бүгінгі таңда 102,9 шақырымы жөнделген.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды. Депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бірлесе жұмыс атқарып оңтайлы шешім шығаруды айтты.
Құралбек Сәбитов