Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы 30 шілдеде Алматы облысы әкімдігінің мәжіліс залында POLYCOM платформасы арқылы облыстың мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен семинар өткізген. Семинар барысында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Кордай Азатович Бекмурзин тиісті аудиторлық іс-шаралар шеңберінде анықталған қаржылық бұзушылықтар туралы үшінші тұлғаларды хабардар ету бөлігінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларына түсініктемелер берілді.
Сонымен, қатар департамент басшысының орынбасары Елдос Ерғалиұлы Мемлекет басшысының «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңды қабылдау жөніндегі тапсырмасын іске асыру туралы қысқаша баяндады.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама шеңберінде жауаптар берілді.