❄️
0°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

    29.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Алматы облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталып, нәтижесінде 25 жас маман таңдалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жакупов мәлімдеді.

    Жакуповтың айтуынша, іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысты.
    “Бұл іріктеу жастарға өңірді дамытуға өз үлестерін қосуға және мемлекеттік қызметте жоғары позицияларға ұмтылуға мүмкіндік береді,” – деді ол.

    Жалпы, Алматы облысының кадрлық резервіне 277 адам құжат тапсырып, оның 232-сі қабылданды. Тестілеуден өткен 62 үміткердің ішінде 51-і құзыреттерді бағалау кезеңіне өтті, ал 38-і комиссиядағы құрылымдық сұхбатқа шақырылды.

    “Биылғы жылдың 20-21 тамыз аралығында өткен соңғы кезеңде 35 үміткер өз жобаларын презентация форматында таныстырды. Бұл кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз бақылаушылар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді,” – деді Арсен Жакупов.

    Комиссияның шешімі бойынша, барлық кезеңдерден сәтті өткен 35 үміткердің ішінен 25 адам кадр резервіне қабылданды. Резервке алынғандардың ішінде 5 әйел және 20 ер адам бар, олардың орташа жасы – 31, ең жасы 25-те. Резервке қабылданғандар арасында басқа өңірлерден, оның ішінде Астана қаласынан келген үміткерлер де бар.

    Резервшілер екі жыл мерзімге сайланған лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.

    Ұсынымдар

    Өмір жолы – өнеге

    Өмір жолы – өнеге

    1 year ago
    Қонаевта 104 жастағы әжей таңдауын білдірді

    Қонаевта 104 жастағы әжей таңдауын білдірді

    3 years ago
    Гендерлік теңдік және қауіпсіздік

    Гендерлік теңдік және қауіпсіздік

    2 months ago
    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    Кәсіпкерлікті қолдау артады

    9 months ago
    Қуатты өңір – қуатты ел

    Қуатты өңір – қуатты ел

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>