-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    29.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мереке
    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті
    0
    SHARES
    28
    VIEWS
    Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Ең алдымен Көк Туымыз көкке көтеріліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ата Заңымыз елдігіміздің өзегі, берекеміздің бастауы екенін айтты. 
    –  Осыдан 29 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қағидасы. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана елдік пен заң үстемдігі орнайды», – деп оның маңыздылығын айшықтап көрсеткен болатын. Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, кемел келешегіміздің кепілі екені айқын. Сондықтан оны ардақтау әрқайсымыздың парызымыз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Мереке аясында еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, ерен еңбегі үшін марапатталды.  Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, республиканың Құрметті құрылысшысы Жандулла Әбдімұратов пен «Monterra Qasaqstan» ЖШС-ның бақылау кеңесінің мүшесі Рүстем Дәулетке «Парасат» ордені табысталды.
    –  Осындай айтулы күнде еңбегім еленіп, «Парасат» орденін алу – мен үшін үлкен мәртебе. 40 жылдан астам уақытымды құрылыс саласына арнадым. Еліміздің көркейіп, өркендеп дамуына үлес қоса алғаным үлкен бақыттымын. Осы жолда бірге жұмыс істеп, аянбай тер төккен барша жанға алғысымды білдіремін. Бұл тек маған ғана көрсетілген құрмет емес, жан-тәнімен қызмет еткен барша құрылысшыларға арналады. Берік Конституциямен іргесі бекітілген еліміз әрқашан ілгері жылжып, өркендей берсін, – деді «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС директоры Жандулла Әбдімұратов.
    Бұдан бөлек құрылыс саласындағы еңбек ардагері Ташполат Жамаловқа «Құрмет» ордені, «КиікбайСтрой сервис» ЖШС төрағасы Қияс Ақбергенге және «Риголит» ЖШС директоры Сайдолла Сәрсековке III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені табысталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен өңірдің жол құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Балқаш жолдары» ЖШС директоры Асқар Ибраев, «ҒұнСтрой сервис» ЖШС директоры Сәбит Қалимолдаев және «Дәулет Серпін 603»  ЖШС директоры Асылбек Омарханов марапатталды.
    Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ академиялық драма театрының актері Бекжан Тұрысқа, Еңбек ардагері Райхан Садықоваға, «Бірлік» кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайран Смағұлов пен «Сәт» мешітінің имамы Сейітқали Ертаевқа «Алматы облысының Құрметті азаматы»  атағы берілді.
    Марапаттау рәсімінен кейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен дәстүрлі және патриоттық әндер шырқалып, көрерменнің рухын оятып, керемет әсерге бөледі.
    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    ГАЗЕТ – ҰЛТ ПЕН ҰРПАҚТЫҢ АЙНАСЫ

    ГАЗЕТ – ҰЛТ ПЕН ҰРПАҚТЫҢ АЙНАСЫ

    7 months ago
    Алматы облысында референдумды AMANAT-тың 1200-ден аса өкілі бақылайды

    Алматы облысында референдумды AMANAT-тың 1200-ден аса өкілі бақылайды

    8 months ago
    Білім нәрімен сусындатқан

    Білім нәрімен сусындатқан

    2 weeks ago
    Ауқымды жоба

    Ауқымды жоба

    9 months ago
    Наурыз айы туғанда

    Наурыз айы туғанда

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.