-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында үй жануарлары қауіпті ауруларға қарсы тұрақты егіледі

    14.08.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында үй жануарлары қауіпті ауруларға қарсы тұрақты егіледі

    Фото: aikyn.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбеков айтты.

    Спикердің сөзінше, жыл басынан бері 414 114 бас мүйізді ірі қара және 1 500 124 ұсақ мал бруцеллезге зерттеліп, 155 бас ірі қара малы мен 145 бас ұсақ мал мал оң нәтиже көрсеткен. Ауру малдар өңдеу кәсіпорындарына санитарлық союға жіберілген. Ал оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитариялық союға өткізген жануарлардың иелеріне 11 млн теңге көлемінде өтемақы төленді. Іс-шаралардың нәтижесінде ветеринариялық препараттар 54 пайызға қамтамасыз етіліп, 10 миллионға жуық вакцина егілген.

    Нұртас Қиялбаев өңірде 51 мал сою қорымдары жұмыс істеп жатқанын, бұдан бөлек жеке инвестиция тарту арқылы 10 мал сою пункттерін салу жоспарланып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен мал қорымдарының санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, облыс аумағында 80 типтік мал қорымдары орналасқан болса, биыл Кеген ауданында 7 мал қорымның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Онымен қоса 20 мал қорымның құрылысын жүргізуге жобалық смета құжаттары дайындалып жатқанын айтты.
    Облыста бұралқы иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Салдарынан жыл басынан 2 178 адамды ит қабу фактілері тіркелген. Дегенмен, басқарма тарапынан қараусыз және қаңғыбас ит, мысықты аулауға 10 бригада жасақталып, 32 маман қызмет атқаруда. Нәтижесінде жыл басынан бері 9555 ит ауланып, зооқорғаушылар мен ит иелеріне 1 181 бас жануар қайтарылды.

    «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңды іске асыру бойынша ветеринария мамандары учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге ит иелеріне үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін полиция инспекторлары 217 тұлғаға 5,2 млн теңге айыппұл салды», – деп корытындылады Нұртас Қиялбеков.

    Ұсынымдар

    Алматы облысының 2024 жылғы ауылшаруашылығы көрсеткіштері қандай?

    Алматы облысының 2024 жылғы ауылшаруашылығы көрсеткіштері қандай?

    7 months ago
    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    Алматы облысында балаға зорлық көрсетті деген күдікті ұсталды

    2 years ago
    Өңір әлеуеті зор: Облыс әкімінің Қарасай ауданына сапары қалай өтті?

    Өңір әлеуеті зор: Облыс әкімінің Қарасай ауданына сапары қалай өтті?

    2 years ago
    2029 жылға дейін туризмді дамытудың концепциясы ұсынылды

    Биікті бағындыр

    1 year ago
    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    “Тұғырлы туым” патриоттық іс-шарасы өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.