-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    20.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    Астанада жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде әр номинациядан екі жеңімпаз марапатталды. Үздік деп танылғандар қатарында Алматы облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының аға фельдшері Дархан Бақыткелді де бар.
    Іле ауданы Боралдай ауылының фельдшері «Алтын жүрек» аталымына лайық деп танылған. Дархан 6 жылдық фельдшерлік тәжірибесінде жедел медициналық жәрдем көлігінде аяғы ауыр әйелдерді жолда аман-есен босандырып, жеті бірдей нәрестенің дүние есігін ашуға көмектескен. Бүгінде олардың кіндік әкесі. Сонымен қатар жол апатынан зардап шеккен, хәл үстінде жатқан талай жанды ажалдың тырнағынан алып қалған. Көпшілік Дарханды ісіне адал, білікті маман, өз ортасында абыройлы деп таниды.
    «Дархан Бақыткелді Алматы облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында аға фельдшері болып 2019 жылдан бері қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында жеті жүкті әйелді аман-есен босандырып алды. Маман халықтың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде сапалы қызмет алуына жәрдемдесіп жүр», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, сыйлықтың өзі мен жүлде қорын Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері құрып, ұйымдастырған. Шара бастамашыларының айтуынша, жобаның мақсаты – қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін, өңірлердегі кіші және орта буын жас мамандарды көтермелеу. Сонымен қатар бұл сыйлық әлеуметтік маңызы бар және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға ықпал ету үшін беріледі.

    ӘМСҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Болмысы бөлек, қағысы ерек

    Болмысы бөлек, қағысы ерек

    12 months ago
    Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

    Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

    7 months ago
    Тауық еті – табыс көзі

    Тауық еті – табыс көзі

    4 months ago
    Алматы облысы Қытайдың Шыңжаң аймағымен меморандумға отырды

    Алматы облысы Қытайдың Шыңжаң аймағымен меморандумға отырды

    2 years ago
    Көрнекі сурет

    Донор бол да өмір сыйла

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>