-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауызсудан тарықпайды

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәселе
    Ауызсудан тарықпайды
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Ұйғыр ауданына қарасты Ават ауылы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Жылдар бойы ауызсудың азабын тартқан халық енді ел қатарлы таза су тұтынбақ. Кеңес одағы кезінде, яғни 50-60 жыл бұрын тартылған су құбыры жүйесі бұл күнде тозығы жетіп, тамтығы қалмаған. Ауызсу ауылда бар деп айтудың өзі ұят-тұғын. Аваттықтар әр жерде қылтиған ескі колонкалардан сыздықтап аққан суға сағаттап кезекке тұратын.

    2022 жылы Ават ауылындағы су құбыры жүйесін жөндеу жұмыстары 788 миллион 557 мың теңгеге бағаланып, тамыз айында «СМУ Шығыс» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Сол жылы 50 млн теңге бөлініп, құбыр тарту қолға алынған еді. Үш жылға жоспарланған жобаға 2023 жылы 711 млн теңге қарастырылған. Қалған қаражат биыл бөлініп отыр. Бүгінде 550 тұрғын үйі бар Ават ауылында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері ауыл көшелеріне толықтай құбырлар тартылып, тау өзенінің суы 500 текше метр су жинауға арналған екі резервуарға жинақталды.
    Техникалық қадағалушы – «Қоблан эксперт» мекемесі де өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарағаны байқалады. Қолға алынған іс мерзімінен бұрын аяқталатын сияқты. Бүгінде жұмыстың 90 пайыздан астамы орындалған. Ауылдағы 550 үйге су құбыры тартылды. Тіпті ауызсуды пайдаланып жатқан отбасылар да бар. Өкініштісі сол, қолда бардың қадірін білмейтіндер әзірге су есептегіш құралы орнатылмай, тегін жатқан суды барынша ағызып, ысырап жасауда. Ауылдың төменгі жағындағы тұрғындар суды бейберекет пайдалануынан жоғары жақта орналасқан үйлерге жетпей жатыр. Бұл ауыл түрғындарының алаңдаушылығын тудыруда. Себебі ертеңгі күні дәл осылай су шықпай, әбігерге салып, мемлекеттің қоржынынан жырып алған қаражат желге ұша ма деп қорқады. Ал мамандар суды үнемдесе, ондай олқылық орын алмайды деп сендіруде.
    Бүгінгі күні әлем халқының жар­ты­сына жуығы су тапшылығын сезі­нуде. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Жыл сайын таза судың жоқтығынан, ан­ти­санитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Өкініштісі, оның көбі – бала­лар. Ал ғалымдардың пікі­рінше, 2040-2050 жылдарға қарай су тап­шылығы дағдарысы шын мәнінде әлемдік сипат алмақ.
    Кейбір елдердегідей аса қат бол­мағанмен, Қазақстанда да ауызсу мәселесі бар. Ал бұл мәселе жыл өткен сайын өршімесе, азаймақ емес. Осыған орай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мүсілім Амангелді: «Әр тұрғын суды барынша үнемдеп пайдаланып, су тапшылығының болмауына өз үлесімізді қоссақ, бұл біздің азаматтығымыз ғана емес, болашақ ұрпақ үшін жасаған қамқорлығымыз болар еді», – деді. Расымен, судың да сұрауы бар. Табиғаттың берген тамаша сыйын сарқа пайдаланбай, болашаққа да аманат етсек, абзал болады.
    Сонымен, аваттықтар ауызсуға қол жеткізіп, таза судан таршылық көрмейтін күн де алыс емес. Бұл – мемлекетіміздің өз азаматтарына жасап жатқан қамқорлығының көрінісі.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Жол құрылысы неге баяу?

    Жол құрылысы неге баяу?

    2 years ago
    Тау-кен жұмысы тоқтатылды

    Тау-кен жұмысы тоқтатылды

    1 year ago
    Ұрпақ сабақтастығы жалғасады

    Ұрпақ сабақтастығы жалғасады

    6 months ago
    Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

    Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

    9 months ago
    Ұлттық статистика бюросы: Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді

    Ұлттық статистика бюросы: Жылдық инфляция екінші ай қатарынан баяулап келеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>