-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бала болашағы – баршаға ортақ

    05.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Демография, Құқық-заң
    Бала болашағы –  баршаға ортақ
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

            Алматы облысының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның төрағалығымен өткен басқосуға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері және бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасының бас­шысы Айгүл Ахметованың «Жанұя» отбасын қолдау орталықтарына жүгін­ген аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға түскен отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және қолдау көрсету жайлы баяндамасы тыңдалды.
    – Былтырдан бастап Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле аудандары мен Қонаев қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан 3 914 адам тіркеліп, 1 518 адам құқықтық-әдістемелік, 1 231 адам психологиялық көмек алды. 519 адам базалық тренингтер мен курстарға қатысты. Орталықтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Кәмелет жасы­на толмағандар және оларға жасалған қылмыстарға қатысты 2 отбасы, 6 бала психологиялық, меди­циналық, әлеуметтік, заңгерлік көмек алды.
    Биыл Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары» бекітілді. Соған сәйкес отбасын қолдау орта­лық­тары өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтардың жұмы­сын ұйымдастырады. Аудандарда мобильді топтар құрылып, құрамына әлеуметтік сала мамандары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер, психологтар, учаскелік медбикелер, учаскелік полиция инспекторлары, ауылдық округ мамандары кірді, – деген басқарма басшысы уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларын мобильді топ жұмысына жәрдемдесуге және ауылдық округ әкімдерін тұрмыс жағдайы төмен, қиын жағдайға тап болған отбасылар туралы ақпаратты «Жанұя» отбасын қолдау орталығына уақытылы хабарлауға шақырды.
    Өз кезегінде облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Қалиасқаров сөз алып, 7 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың қолымен жасалған қылмыс пен оның алдын алу бағытында атқарылған істер жайын баяндады.
    – Жыл басынан бері білім беру мекемелерінде құқықтық тақырыпта 950 дәріс оқылып, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды. Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін, түнгі уақытта үйден тыс жерде ата-ананың немесе заңды өкілінсіз жүрген, алкогольді және темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған жастарға сатқаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық­тар анықталды. 158 жасөспірім және 252 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарының есебіне қойылып, олармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Көңіл көтеретін орындар мен көшелерде рейдтік және «Мектеп, көше, жанұя», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты іс-шаралар өткізілді. Күнделікті жедел ақпараттарға жүргізілген талдауға сәйкес, 7 айда облыс аумағында жас­өспірімдер қолымен 51қылмыс жасалған. Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында кәмелетке толмағандар қылмысы артқаны байқалады. Полиция департаменті тарапынан кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыс ұдайы жүргізіледі және қатаң бақылауға алынған, – деді Мұрат Мейрамғалиұлы.

    Одан кейін сөз кезегі облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаеваға берілді.
    – Облыс аумағында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс белсенді жүр­гізілуде. Аталған санаттағы балалар­дың жалпы саны – 1768. Қазір­гі кезде қорғаншылықта – 1380, патронаттық тәрбиеде – 56 бала, қабылдап алушы отбасында – 15, отбасы түріндегі балалар үйінде – 44, арнаулы қыз­меттерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында 74 жеткіншек бар. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде 23 бала оқуын жалғастыруда. Бүгінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер арасынан 1679 бала баспана кезегінде тұр. Былтырдан бері өмірдің қиын жағдайына тап болған 241 бала анықталды. Оның 63 пайызы отбасылық тәрбиеге берілді. Тағы 57 бала арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы немесе балалар үйлеріне қоныстанды.
    Облыста 3 жекеменшік балалар үйі бар. Олар – «Ковчег» өмірде қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды қолдау орталығы, «Солнышко» арнау­лы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала­ларды қолдау орталығы, «Нұр» жекеменшік отбасылық балалар үйі. Сонымен қатар облыстық денсау­лық сақтау басқармасына қарасты «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен облыстық мамандырылған балалар үйі қызмет атқарады. Білім бөлімдері жанынан кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың туындау себебін жедел анықтау, психологиялық кеңес көрсететін жұмыс тобы құрылған. Панасыз, қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар­дың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен бірлесіп, дағдарыс картасы әзірленді. Өмірлік қиын жағдайда жүрген 128 отбасы ерекше бақылауда, 3818 бала өгей ата-анасымен тұрады. Жұмыс топтары осы отбасылардағы балалардың тұрмыстық жағдайын тексеру бойынша 1700-ден аса рейдтік іс-шара өткізді. Тұрғын үй кезегінде «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 4 651 азамат тіркелген. 20 баланы кезекке қою жұмысы жүргізілуде. Соңғы үш жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 86 пәтер берілді. Биыл жалға берілетін үйлерден 69 пәтер бөлу жоспарлануда. Іле ауданында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалға берілетін тұрғын үйден 11 балаға кілт табысталды. Облыстық арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды қолдау орталығының 139 тәрбиеленушісі тұрғын үй кезегінде тұр. Жамбыл ауданында бір балаға демеушілер тарапынан бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Үкіметтің 2023 жылғы № 265 қаулысына сәйкес, республикалық бюджеттен халықтың әлеуметтік осал топтарына 280 пәтер сатып алуға 2,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Биыл 315 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, – деді Салтанат Дауысбекқызы.

    Келесі кезекте облыстық прокура­тураның басқарма прокуроры Ермек Қаженов «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар бейне­байланыс арқылы аудан әкімдерінің орынбасарлары күн тәртібіндегі мәселелер жайында баяндама жасады. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қорытындылады.

    Айжарық Көптілеуов,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Бөден қалай ақын болды?

    Бөден қалай ақын болды?

    2 months ago
    Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

    Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

    1 month ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Жазушы мерейтойына арналды

    1 year ago
    Ауылдың болашағы шешілер күн

    Ауылдың болашағы шешілер күн

    8 months ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>