-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Базарын тапқан балмұздақ

    20.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Экономика
    Базарын тапқан балмұздақ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Андрей Шин негізін қалаған «Шин-Лайн» компаниясы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорынға айналды. Дәмі тіл үйіретін балмұздақ өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын арта түсуде. Жуырда облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жаңашылдыққа бет бұрған зауыттың жұмыс барысымен жан-жақты танысып қайтты.

    Компанияның негізгі өндіріс орны Іле ауданы Байсерке ауылдық округінде орналасқан. Мемлекеттік салыққа төленетін 2,5 млрд теңге де осы ауданға тиесілі. Аталған кәсіпорын Қазақстан нарығының 49 пайызын иеленуде. Өнімдері Қытай, Моңғолия және ТМД елдеріне экспортталады. Кездесуде тұтынушылардың тарапынан қойылатын талаптар, шикізат жеткізудің логистикалық сын-қатерлерін шешу, жаңа кадрлар даярлау, салалық мәсе­лелері сөз болды. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға «Шин-лайн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Докин жауап берді.
    Зауыт толығымен автоматтан­дырылған және компьютерленген. Балмұздақ өндірісіндегі маңызды ингредиенттің бірі – сиыр сүті. Мұнда Алматы облысы фермерлері­нен алын­ған сүтті арнайы көлікпен тасымал­дайды. Олар сұйық күйінде аппараттарға құйылады немесе ұнтақ ретінде қолданыс­қа беріледі.
    «Шин-Лайн» компаниясында 2000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Мысалы, бір балмұздақты шығару үшін азық-түлік технологы, физика, химия маманы, экономист, зертханашылар, кондитерлер, маркетологтар, инженер­лер, тағы басқа техникалық мамандар атсалысады.
    Заманауи технологиялар мен жоғары сапа стандарттарына бағыт­талған «Шин-Лайн» компаниясы өндіріс пен экспорттық әлеуетті едәуір кеңейтуге қол жеткізді. 2024 жылы компания жаңа фабрика құрылысына 35 млрд теңге инвестиция салған. Өндіріс орны күніне 350 тонна балмұздақ шығаратын заманауи өндірістік желілермен жабдықталған. Кәсіпорын ішінде алдағы уақытта іске асырылатын жобалар аз емес. Атап айтқанда, балмұздақтың сыртындағы «Қазақстанда жасалған» жазуын үлкейту, өнімдерге қазақы атаулар беру, сыртқы дизайнын ұлттық нақышта безендіру сияқты жұмыстар атқарылады.
    – Өндіріс көлемі мен экспорт жыл сайын өсіп келеді. Біз азық-түлік пен балмұздақ шығаруға арналған жаңа инвестициялық жобаны бастадық. Ішкі инвестор ретінде мемлекет тарапынан қолдаудың болатынына сенеміз. Негізгі шикізатымыз – сүт, ал балмұздақ – қайта өңделген сүт өнімі десек те болады. Дегенмен, бүгінгі таңда балмұздақ өндірісінде АӨК дамыту шеңберінде басқа сүт өңдеушілер алатын жеңілдіктер жоқ. Осы мәселеге назар баса аударылып, оң өзгерістер енгізілгенін қалаймын, – дейді Дмитрий Докин
    «Euromonitor International» халық­аралық зерттеу компаниясының мәліметінше, «Шин-Лайн» бір жыл ішінде нарықтағы үлесін 49 пайыздан асырған. Компания бүгінде Қазақстан мен Орта Азия елдерінде тәулігіне 250 тонна көлемінде 120-дан астам балмұздақ түрін өндіретін іргелі кәсіпорын саналады. Ең танымал түрлері – «Бомба», «Полюстегі аю», «Bahroma», сондай-ақ «Золотая коллекция» «Гулливер», «Лесная Белочка», «Ключик Буратино», «Птичка» және «Красный мак» атты өнім­дері де сұранысқа ие.
    Компания серіктестері – балмұздақ нарығының әлемдік көшбасшылары Mars, Froneri, Danisco, Ferminich және Barry Callebaut фирмалары. Олар зауытты өнеркәсіптік шоколадпен, табиғи хош иістендіргішпен және тағы басқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді.
    «Шин-Лайн» балмұздағын Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстанмен қатар Ресей, Беларусь елдерінің дүкендерінен кездестіруге болады. Сондай-ақ өндірілген тауар Қытай мен Моңғолияға жөнелтіледі. Бұл тізімге енді Грузия да қосылды.
    2027 жылы компания тәулігіне 350 тонна балмұздақ өндіруді көздесе, 2033 жылы жұмыскерлер саны 5000-ға жетеді деп жоспарлап отыр. Міне, осындай қарқынды жұмыстың, жүйелі жоспардың, адал еңбектің арқасында «Шин-Лайн» компаниясы алға жылжып келеді.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    НДС 16% – оптимальный переходный шаг: эксперт о поправках в Налоговый кодекс

    2 months ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    7 months ago
    Тәжірибе алмасты

    Тәжірибе алмасты

    4 months ago
    Атом – энергия қауіпсіздігінің кепілі

    Атом – энергия қауіпсіздігінің кепілі

    9 months ago
    БЕКЗАТ БОЛМЫС

    БЕКЗАТ БОЛМЫС

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.