-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Даналықтың кілті – қарттарда

    02.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Даналықтың кілті – қарттарда
    0
    SHARES
    41
    VIEWS

    Шын мәнінде ақсақалсыз қоғамды, ортаны елестетіп көрелікші. Қаншама көркем, сұлу болса да бір нәрсе жетіспей тұрады. Төріміз бос, айналамыз қуаң тартып, аталық, ағалық қасиеттен айырылып қалғандай күй кешеріміз сөзсіз. Біз – «Төріңнен қарт кет­песін» деп дұға тілеген халық­пыз. Қай кезең, қай заман­да болмасын үлкендер­ді сый­лаған­нан кенде болған жоқпыз. Сол үрдістен әлі күнге айнымай келеміз. Үлкеннің алдын кесіп өтпей, олардың айтқан ақылын тыңдаудан жаңылған емеспіз. Даналықтың кілті – қарттарда екенін терең сезініп, ұғынған халықпыз. Қария деген сөздің өзі елдің басы, ақыл айтар данасы болу, құрметке бөлену дегенді білдіреді.

    Ұйғыр ауданы Ақтам ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекет ата Әжібаев – міне, осындай қариялардың бірі. «Зейнетақымды алып, үйде тыныш жатайын» деген түсініктен мүлдем алыс жан. Ақыл сұрағанға ақылын, көмек сұрағанға көмегін аямаған қазыналы қария. Жастарға өнеге көрсетіп, тәрбие беруден қашпайды.

    «Жастарға ақыл айтып, патриот ете алмайсың. Оларға біздің аталарымыздың, аналарымыздың жолын, істеген ерлік істерін, еткен еңбектерін көрсету керек. Сол арқылы жастардың рухын ояту керек», – деп қашанда ұрпақ қамын ойлап жүргені. Сол себепті де  ауылдық әкімдіктен ардагерлерге арналған шағын кабинет ашқан. Ол бөлмеге ауылдың абыройлы қарияларының өмір жолынан мағлұмат беретін көрнекілік жасап, іліп қойған. Ар, ұят туралы нақыл сөздер де бөлменің ажарын аша түскен.

    Сөзі қандай мығым болса, ісі де сондай жинақы атамыздың алғырлығы мен белсенділігі таңғалдырды. Өмірден өз несібесіне тек еңбекпен жеткені әр қимылынан байқалады. Бір тыным тауып, демалайын демейді. Бүкіл бір ауылдың жастарының тәрбиесіне құдды өзі жауапты жандай шапқылап жүргені. Бекет ата десе ауылдағы әр жан да тік тұрып, құрмет көрсетеді.

    Бекет атамен аз-кем болған әңгіме арасында оның ес жия бастаған сәтінен бастап еңбекке араласып, ауылдық кеңесте хатшы, ұжымшарда есепші, кадр бөлімінің басшысы болғанын ұқтық. Жан жары Айшархан екеуі бес баланы дүниеге әкеліп, олардың барлығына жоғары білім беріп, өмірден өз жолдарын адаспай табулары үшін тер төккен. Кез келген ата-ана балаларының жақсы азамат болып өсуін қалайды. Бекет атаның бұл бағытта жолы болған екен. Бір баласы барлау басқармасында полковник болса, екіншісі Қарулы Күштер құрамында қызметте, қызы Алматы қаласында ағылшын тілінің маманы болса, кенжесі Ұйғыр аудандық жол жөндеу мекемесінде басшы. Бұл да болса, шынайы тәрбие мен әкелік ақылдың жемісі болар.

    Әңгіме арасында қазіргі ұл балалардың әскерден қашып, әскери борыштарын өтеуден бас тартып жатқанына қынжылысын білдірді. Әскерге баруды зор құрмет санайтынын, баяғыда ауылдан әскерге аттанарда әр үйде қазан қайнап, ауылдың игі жақсылары жиналып, баталарын беретін жақсы дәстүр бар еді, қазір ол келмеске кеткендей болғанына өкінішін де жасырмады. Заманға лайықты қалыптасып қалған дәстүрлерден қол үзбеу керектігін де жеткізді.

    Қазіргі заманды техниканың, ақпараттың кезеңі деп жатамыз. Дей тұрғанмен ақсақалдың айтар ақылы мен көрсетер нұсқауы нағыз бағдаршам іспетті. Олардың батасының өзі көңілге медеу. Бұзықтық жасаған жастарға тыйым салып, жұмыссыз сенделгендерге жол көрсетіп, бір ауылдың ұйытқысы болып отырған Бекет атадай шаршамайтын, қажымайтын, жігерлі қарияларымыздан алар үлгі-өнегеміз де мол.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында карьер шикізаті құрылыста қолданылады

    Алматы облысында карьер шикізаті құрылыста қолданылады

    9 months ago
    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    Алматы облысында ауызсу тартуға 27 млрд теңге қарастырылған

    2 years ago
    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    10 months ago
    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    9 months ago
    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.