-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ

    17.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    ХАЛЫҚ СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ
    0
    SHARES
    27
    VIEWS

          Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кезекті XXVII сессия отырысы салтанатты жағдайда өтті.

    1993 жылы 10 наурызда қабылдан­­­ған «Қазақстан Республикасының жергілік­ті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы еліміздегі өкілді және атқарушы билік органдарының өкілеттіктерін бөліп берді. Осылайша, жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымы да, мәні де түбегейлі өзгерді. Ал 1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасы депутаттарының алғашқы сайлауы болды. Міне, осы уақыттан бастап, ҚР мәслихаттарының өз тарихы қалыптасты.
    Иә, үлкен жүйенің жұмысын жолға қойып, жемісті жүргізуі үшін 30 жыл – көп те, аз да уақыт емес. Десе де, сонау 1994 жылдан бастап бүгінге дейін сайлау комиссиялары сегіз шақыры­лым депутаттарын тіркеп үлгерді. Еңбекшіқазақ ауданында осы сегіз шақырылымда барлығы 200-ден астам азамат ел аманатын арқалап, қоғамдық бастамада халық атынан сөз сөйлеп, депутат ретінде еңбек етті. Алғашқы бес шақырылымда хатшы болып, ауданның экономикалық-әлеуметтік салаларының дамуына, мәдениет пен спорттың, білім мен ғылымның алға жылжуына әрі жергілікті өкілді органның қалыптасып, бір ізге түсуіне біркісідей атсалысқан Әділбек Айнабекұлының еңбегі аз емес. Ал одан кейінгі жылдары, яғни аудандық мәслихаттың алтыншы, жетінші және қазіргі уақытта өз міндетін атқарып жатқан сегізінші шақырылым депутаттарының басын қосып, мәслихат төрағасы болып отырған Бекет Ахметов те халық қалаулыларының ел мен жер үшін жұмыла жұмыс істеуін жүйелі ұйымдастырып келеді.
    Еңбекшіқазақ аудандық мәс­лихаты­ның 30 жылдық мерейтойына арналған сессия отырысына аудан әкімі мен орынбасарлары, әр шақырылымда ел аманатын арқалап қызмет атқарған мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың ең бірінші шақырылымының хатшысы Ахет Сейітқазыұлы, әр шақыры­лымда сенім мандатына ие болып, «халық қалаулысы» атанған Елеусіз Сұлтанғазыұлы, Хайролла Қасымұлы, Руслан Әбдібекұлы, Сейітхан Есембайұлы, Жұман Сембайұлы, Аблеким Садыкович және Адалят Үсенжановна мен Гүлнар Сағатқызы қонақ болды.
    Салтанатты сессия отырысын ашқан аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов: «Алғашқы шақырылым депутаттары жұмыс істеген уақыт еліміз есін енді жинап келе жатқан тоқырау кезеңі мен жалпы халық тіршілігінің ауырлап тұрған шағы еді. Тәуелсіздіктің екінші онжылды­ғын жаңаша өсу, өрлеу, өркендеу жолымен бастаған аудандық мәслихат депутаттары кезекті сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарында заң талабына сәйкес өз құзыретіндегі мәселелерді байыптылықпен қарап, өміршең шешімдер қабылдауға мүмкіндік алды», – деп тарихқа аз-кем тоқталып өтті.
    Өткен жылдың наурыз айында өткен саяси науқанда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІІ ша­қырылымында әртүрлі жастағы азаматтар мен әр саланың білікті мамандарынан 28 азамат депутат болып сайланып, бүгінде өз өкілеттіктерін жүзеге асырып отыр. Есепті кезеңде аудандық мәслихаттың жалпы 26 сессиясы өткізіліп, онда 130 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданған екен. Сонымен қатар өкілеттілік мерзімге құрылған 4 тұрақты комиссия 22 отырыс өткізіп, онда 40 есеп қаралып, тиісті хаттамалық қаулылар қабылданған. Билік пен қарапайым халық арасын жалғап, көпір болып, халықтың сөзін сөйлеп, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін билік басындағыларға жеткізу – депутаттық қызметтің негізгі бөлшегі. Осы орайда аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылым депутаттары тиісті мекемелерге 300-ден астам мәселе бойынша 55 депутаттық сауал жолдаған. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын таппақ.
    Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Талғат Байеділов мәслихаттар жұмысын еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі ретінде атап өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық бағытта жеткен жетістіктеріне тоқталды. Бұдан бөлек, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов мәслихат жұмысын сырттай бақылаушы емес, Алматы облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының және аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты ретінде, яғни аталған жұмысқа тікелей қатысушы ретінде өз бағасын беріп, жиналғандарды құттықтады.
    30 жылдық мерейтойға арналған сессия отырысы барысында ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға «Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл» мерекелік медалі мен облыстық, аудандық мәслихаттың және аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мәс­лихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен нығаюына, ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Амангелді Толқыновқа, Шолпан Қасымбаеваға, Серік Надырбаевқа, Виталий Вальковқа, Бауыржан Жантасовқа Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
    Елдегі демократиялық өзге­рістерді іске асырудың іргетасын қалыптас­тыруға өз үлесін қосып, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқарып жатқан жұмыстарда дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, жаңа сипат алып келе жатқан жергілікті өкілді органдардың үлесі үлкен. Қоғаммен біте қайнасып, біріге жұмыс істеп, маңызды оқиғалардың бел ортасында жүретіндіктен де депутаттарды жұрт «халық қалаулысы» дейді. Халық пен депутат арасында екеуара байланыс болғанда ғана жұмыс жүріп, жергілікті жерде тұрғындарды тығырыққа тіреген мәселелер шешімін табады. Ендеше, сайлаушылардың сеніміне селкеу түспесін.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Бала болашағы –  баршаға ортақ

    Бала болашағы – баршаға ортақ

    10 months ago
    Жаңа жанр, жаңа кітап

    Жаңа жанр, жаңа кітап

    1 year ago
    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    Облыс өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

    2 years ago
    Amalbooks баспасы тағы бір кітаппен толықты

    Amalbooks баспасы тағы бір кітаппен толықты

    1 week ago
    Салт-дәстүрді паш еткен мереке

    Салт-дәстүрді паш еткен мереке

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.