-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Интернет сапасы жақсарады

    28.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, барлық азаматтардың сапалы интернет байланысымен қамтамасыз ету қажет екенін сан мәрте айтқан болатын. Бүгінде  осы мәселе бойынша облыстық цифрлық технологиялар басқармасы ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

    Басқарманың мәліметіне сүйенер болсақ,  аймақтағы  373 елдімекеннің 355-і, яғни 95,2 пайызы  мобильді байланыспен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 348 елдімекенде мобильді интернет қолжетімді, сымды интернетті  275 елдімекен  тұрғындары пайдалана алады. Сонымен қатар 67 мектеп «Starlink» спутниктік интернетімен жұмыс істейді, алдағы уақытта осындай байланысқа тағы 8 мектеп қосылмақ. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде де  ауқымды  істер атқарылып жатыр.

    – «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2024-2027 жылдар аралығында облыстың 93 ауылдағы әлеуметтік нысандарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылып, ауыл тұрғындары жылдамдығы жоғары сымды интернетке қосылады. Республикалық автомобиль жолдарын ғаламтормен қамтамасыз ету мақсатында 17 базалық станса орнату жұмыстары қолға алынды. Бүгінде жаңа буынды 5G байланысын өрістету үшін «Ксеll» АҚ Қонаев қаласында 10 және облыстың Алматы қаласы маңындағы елдімекендерінде 9 базалық станcаны іске қосты. 2025 жылдың соңына дейін олардың санын 64-ке дейін арттыру жоспарланған, – дейді  облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Тұран Жанбота.

    Қазір «Алматы облысының елді мекендерін сапалы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға  арналған жол картасы» негізінде бірқатар  ауылдарда базалық станса орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Мамандардың  айтуынша, облыс  әкімдігі мен «Алатау жарық компаниясы» АҚ арасында жасалған меморандум шеңберінде 28 шағын байланыс операторлары 146 елдімекеннде талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясына негізделген жоғары жылдамдықты интернет байланысын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

    Ерзат Асыл,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қарияларға құрмет

    Қарияларға құрмет

    8 months ago
    Облыста балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

    Облыста балық аулау бойынша 86 заң бұзушылық тіркелді

    1 year ago
    Алматы облысы «жасыл» энергетика саласын дамытуда алда келеді

    Алматы облысы «жасыл» энергетика саласын дамытуда алда келеді

    3 weeks ago
    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    2 years ago
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Мемлекеттік тіл – ұлт өзегі

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.