-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    27.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    Фото: massaget.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шетелге саяхаттауды жоспарлап отырған жерлестерімізге маймыл шешегінен сақтанудың нұсқаулығын ұсынды. 

    – Маймыл шешегі денеге зақымдалған тері, шырышты қабаттар (ауыз қуысы, жұтқыншақ, көз, жыныс мүшелері) немесе тыныс алу жолдары арқылы енеді. Бұл вирус адамға ауру жануарлардың тістеп немесе тырнап алуы арқылы, сонымен қатар аң аулау, тамақ дайындау, терісімен жұмыс істеу немесе мұқият өңдеуден өтпеген жануарлардың етін жеген кезде жұғады. Сондай-ақ маймыл шешегі киім-кешек немесе төсек-орын сияқты ластанған заттардан, денсаулық сақтау мекемелерінде немесе тату салондары сияқты қоғамдық орындарда өткір құралдардан жарақат алу кезінде жұғуы мүмкін, – деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

    Сондай-ақ ол маймыл шешегінің инкубациялық кезеңі 6-дан 13 күнге дейін созылатынын және одан кейін қызба, бас ауруы, жалпы адам бойындағы әлсіздік пайда болып, бет, аяқ, алақандарда, ауыз қуысы мен жыныс аймағында бөртпе шығатынын атап өтті. Әсел Қалықованың айтуынша, маймыл шешегі әдетте өздігінен қайтады. Бірақ балаларға, жүкті әйелдерге және иммунитеті төмен адамдарға ауырдан жазылу оңай болмауы мүмкін.

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шетелге шығуды жоспарлаған жерлестерімізге маймыл шешегі жұқпас үшін бірқатар ережені ұстануға кеңес береді:

    1. Басқа елге барар алдында осы аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты тексеріңіз. Бұл сізге қауіптен хабардар болуға және қажетті сақтық шараларын қабылдауға көмектеседі.

    2. Тері бөртпелері немесе аурудың басқа белгілері бар адамдармен жақын қарым-қатынасты азайтуға тырысыңыз.

    3. Егер сізде белгілер пайда болса, инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін басқа адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз.

    4. Масканы қолданыңыз, теріңізге және бөртпелерге қол тигізбеңіз. Қолыңызды жүйелі түрде жуыңыз және жанасқан заттарды зарарсыздандырыңыз.

    5. Егер үйге оралғаннан кейін 21 күн ішінде бөртпе безгегі, бас ауруы немесе лимфа түйіндерінің ісінуі сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

    6. Медициналық мекемеге барған кезде дәрігерге тиісті тағайындауы үшін қайда болғаныңызды және кіммен байланыста болғаныңызды хабарлауды ұмытпаңыз.

    Еске салайық, Астана мен Алматы әуежайларында маймыл шешегі инфекциясына қарсы оқу-жаттығу өткен болатын.

    Сондай-ақ Таиландта маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталғанын жазғанбыз.

    ҚазАқпарат

    Ұсынымдар

    Дзюдодан Сұлтан Бейбарысты еске алу турнирі өтті

    Дзюдодан Сұлтан Бейбарысты еске алу турнирі өтті

    6 months ago
    Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

    Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

    3 months ago
    ШАТТЫҚ ШЫРШАСЫ

    ШАТТЫҚ ШЫРШАСЫ

    5 months ago
    Жақсылық жаршылары

    Жақсылық жаршылары

    11 months ago
    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>