-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

    30.08.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
    0
    SHARES
    25
    VIEWS
    Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, адамгершілік пен мейірімділікті, жанашырлықты насихаттайтын, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Райымбек ауданынан келген Жанбаевтар отбасы иеленсе, екінші орынды Ұйғыр ауданынан қатысқан Аликеевтар отбасы еншіледі, ал балқаштық Ысқақовтар әулетіне үшінші орын бұйырды. Оларды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов марапаттады.
    Жүлдегерлерге 500000-нан 1000000 теңгеге дейін, сондай-ақ басқа да қатысушыларға 100000 теңге көлемінде сыйақы берілді.
    – Облысымызда ұрпақтар сабақтастығы жарасымды жалғасын тауып келеді. Ел ішінде құрметке бөлеген, ардақты, өнегелі отбасылар көп. Сондықтан да жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауының да мәні артуда. Бұл жобаға қатысқан әр отбасыға алғысымды білдіремін. Халық даналығында атаны асқар тауға, ананы мөлдір бұлаққа, баланы жасыл құраққа теңеген. Бабаларымыз отбасы тәрбиесіне ерекше мән берген. Бұл байқаудың басты мақсаты – қоғамдағы отбасы институтын нығайту, құндылығын дәріптеу, қазыналы қарттарды құрметтеу, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру.  Сондықтан жыл сайын аталған жобаға әр сала бойынша көпбалалы отбасылар қатысуда. Олардың арасында топ жарып, алға шыққан үздік 11 отбасы марапатталды, – деді Ерік Әбитов.
    Жеңімпаз атанған Жанбаевтар отбасы ғылым саласы бойынша өз бақтарын сынаған. Отбасының үлкені Әбдіқадыр Жанбаев Шалкөде, Талас өңірлерінде қырық жыл мал дәрігері болып қызмет атқарған. Жұбайы Гүлшаһар Тұрбекова екеуі бес баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Бүгінде олардың төртеуі әр түрлі ғылым саласы бойынша білікті ғалым атанып, көптің жүрегі бара бермейтін, өресе жете бермейтін қиын да қызықты мамандық бойынша  қызмет етуде, ал бір баласы кәсіпкерлікпен айналысады.  «Кез келген қоғамның немесе сол қоғамдағы ұлы тұлғалардың қалыптасуының негізгі тірегі ¬ отбасы және сол отбасындағы ата-ананың тәрбиесі мен қолдауы. Мектеп кезінен ата-анам адамды жетістікке жеткізетін тәртіп пен білім екенін айтып отыратын. Жоғары оқу орнына тапсыруыма, ғылым жолын таңдауыма да сол кісілер себепкер болды. Үшінші курстан бастап ғалым боламын деген шешімге келіп, дайындығымды бастап кеттім. Университеттегі ұстаздарыммен ақылдаса отырып экономика саласында ғылымды дамыту бойынша жұмысымды бастадым. Әрине мұның бәріне ықпал еткен әуелі отбасындағы сенім мен қолдау», – дейді жеңімпаз отбасының мүшесі Ринат Жанбаев. Бүгінде ол сандық және жасыл экономика саласы бойынша жас ғалым атанған.
    Тағы бір жүлдені иеленген Ысқақовтар әулеті 2005 жылы құрылған. Қазіргі таңда бұл отбасыдан алты қыз, бір ұл тәрбиеленіп, бойжетіп келеді. Үлкен қызы Жүргенов атындағы Қазақ үлттық Өнер академиясында актриса мамандығында оқиды. Болашақта өнер саласында еліміздің мәртебесін асқақтатуды қалайды. Ал екінші перзенттері биыл Сәтбаев университетіне үлкен сұранысқа ие IT саласы бойынша оқуға түскен. Ал қалған балалары мектепте білім алуда. Берекесі мен ынтымағы жарасқан жанұя бұл байқауда жүлдегер атанғандары үлкен мақтаныш екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. «Өмірдегі ең құнды нәрсе, біздің бар байлығымыз – отбасымыз. Бүгін оған тағы бір мәрте көзіміз жетті. Бұл тек қана байқау емес, «Мерейлі отбасы» жанұядағы ауызбіршілік пен жанашырлықты арттыруға ықпал етеді, бір-бірімізге деген махаббатымыз бен құрметімізді күшейте түседі», – дейді Ысқақовтар әулеті.
    Марапаттау рәсімінен кейін шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушылардың көңілін серпілтіп, қуаныштарын еселей түсті.
    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Бапкер Азат

    Бапкер Азат

    11 months ago
    8 желтоқсанда өтетін ҚР мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауына үгіт материалдарын дайындау және орналастыру жөніндегі хабарлама

    8 желтоқсанда өтетін ҚР мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауына үгіт материалдарын дайындау және орналастыру жөніндегі хабарлама

    7 months ago
    Ақын рухына тағзым етті

    Ақын рухына тағзым етті

    2 years ago
    Жас балуандар белдесті

    Жас балуандар белдесті

    8 months ago
    Еріктілер аллеясы ашылды

    Еріктілер аллеясы ашылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.