-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев

    23.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың – Демеу Жадыраев
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

    Бұл кездесу спортшының жақында Олимпиадада күміс жүлде алуына арналған және оның спорттық мансабының маңызды кезеңдерін қарастыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Демеу Жадыраев өз сөзінде спорттағы жетістіктің құпиясын бөлісті.

    «Өзіңді жеңбей, өзгелерді жеңе алмайсың. Спортта табысқа жету үшін алдымен өзіңмен күресіп, өзіңді жеңуің керек. Менің үлкен спортқа келуіме алғашқы бапкерім Жұмахан Тұрғанбековтың еңбегі орасан. Спортшы болу үшін ең алдымен, спортқа деген шынайы сүйіспеншілік, темірдей тәртіп және жеңіске деген жігер керек. Жаттықтырушының әрбір кеңесін тыңдап, тапсырмаларды толық орындау арқылы ғана биік мақсаттарға қол жеткізуге болады», – деді спортшы.

    Сонымен қатар, ол өз отбасының спорттық мансабындағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

    «Әйелімнің моральдық қолдауы менің жетістіктерімнің негізі болды. Оның сенімі мен қолдауы маған үлкен күш беріп, әрдайым алға жылжуыма көмектесті. Спорттық мансабымдағы қиын кезеңдерде ол менің ең үлкен қолдаушым», – деп атап өтті Демеу Жадыраев.

    Кездесуге шақырылған қонақтар қатарында Демеу Жадыраевтың бапкері Боранбек Қоңыратов және Алматы облысы спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков болды. Олар өз сөздерінде Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы жетістігі мен оның Қазақстан спортына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

    «Демеу Жадыраевтың Олимпиада ойындарында күміс жүлде алуымен Алматы облысының спорт саласындағы жоғары деңгейі тағы да бір дәлелденді. Бұл өңіріміздің спорттық жетістіктерін әлемге танытты. Сонымен қатар, өңірден олимпиадаға стенд атудан Әсем Орынбай, Едуард Ещенко және Дмитриенко Мария, оқ атудан Чирюкин Никита қатысып, өнер көрсетті. Алматы облысының әкімі спортшылардың барлық жағдайын жасауға ерекше көңіл бөліп, оларға қолдау көрсету мақсатында көптеген шаралар қабылдады», – деді Ерболат Сарабеков.

    Кездесу соңында Демеу Жадыраев барлық жанкүйерлеріне, жаттықтырушыларына және қолдаушыларына шынайы алғысын білдірді.

    Ұсынымдар

    ӨТЕГЕННІҢ ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ ТОЙ

    ӨТЕГЕННІҢ ТӨРІНДЕГІ НАУРЫЗ ТОЙ

    3 months ago
    МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    5 months ago
    Парыз бен Борышты арқалап

    Парыз бен Борышты арқалап

    9 months ago
    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    Жол – экономиканың күретамыры

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында ЖӨӨ 7,4 пайызға өсті

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.