-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаржылық сауатын арттырады

    26.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Партия
    Қаржылық сауатын арттырады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Елімізде өткен жылдан бастап «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынып, оң нәтижесін беріп келеді. Алғашында сегіз облысты қамтыған бағдарлама биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен ұлттық жобаға айналды.  Мақсаты – азаматтардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, банктік және шағын несиелері бойынша қиындық туғызған мәселелерін шешуге көмектесу.

    Аталған жоба Алматы облысында да сәтті жүргізіліп, тегін оқыту курстары жалғасын табуда. Нәтижесінде аманаттықтар 7 мыңға тарта тұрғынға қаражатты тиімді жұмсауды үйретті. Олардың жартысына жуығы білікті қаржы және заң мамандарының көмегін алды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен брифингте айтылды.

    – Бүгінде халықтың тең жартысы несие алған. Салдарынан түрлі қиындықтар туындайды және оны қалай шешудің жолын білмей тығырыққа тіреледі. Халықтың қаржылық сауаттылығынан бөлек заңдық тұрғыдан да өз құқықтары мен міндеттерін түсінбей жататын кездері болады. Бұл мәселені шешу үшін қатысушылар заңгерлердің де кеңесіне жүгіне алады. Сондай-ақ оқыту барысында кәсібін бастағысы келетіндерге табыс табудың түрлі жолдары көрсетіліп, бағыт-бағдар берілді. Сарапшылар кіріс-шығысты есептей білуді, қаржыны ұтымды жоспарлауды, шоттың бұғатталуынан бастап, берешекті қайта құрылымдау, коллекторлармен жұмыс секілді 20 бағыттың қыр-сырын түсіндірді.  Жыл соңына дейін өңірде 12 мың адамға білім беру жоспарланып отыр. Курсқа қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін кез келген азамат қатыса алады», – деді «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірдегі жетекшісі, ментор Айгүл Жайлыбаева.

    Бұдан әрі қаржы сарапшысы Мейірман Сауранбеков бағдарлама аясында білімін жетілдірген адамдардың шынайы оқиғасы мен оларға көрсетілген көмек туралы баяндады. Мәселен, Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғыны бірнеше жыл бұрын бес несие алып, қаржылық қиындықтарға тап болған. Қарызын өтей алмағандықтан, барлық есепшоттарына бұғат қойылып, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігінен айырылды. Заңгерлердің қолдауымен төрт несие бойынша карточкалық шоттары бұғаттан шешіліп, ыңғайлы төлем кестелері жасалды. Балқаш ауданындағы асыраушысынан айырылған көпбалалы ана да осы жоба арқылы жақсы нәтижеге жеткен. Қоғамдық жұмыста істейтін ана жалақысы шығындарын жабуға толық жетпейтінін айтады. Мамандармен сөйлесу барысында оның тігіншілік қабілеті бар екені байқалып, оған тігін цехын ашуға кеңес береді. Өз жобасын конкурсқа ұсынып, грант жеңіп алады. Алдағы уақытта кәсібін бастап, оны дамытуға күш салмақ.

    –  Оқыту бес күнге жоспарланған. Таңертеңнен түске дейін негізгі оқыту, одан кейін тұрғындардың жеке мәселелері бойынша кеңес беріледі. Бұл жобаға ауыл тұрғындарының қызығушылығы жоғары. Себебі бұрын қандайда бір оқыту болса, шалғайдағы ауыл тұрғындары аудан орталығына келіп оқитын. Ал қазір біз әр ауылдық округтің Мәдениет үйіне немесе мектебіне барып сабақ жүргіземіз. Сонымен қатар 69 азаматқа «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие мен грант алу үшін қажетті құжаттарды жинауға және бағдарламаға қатысуға көмек көрсетілді. Алаяқтарға тап болған 11 тұрғынға кеңес берілді. Мемлекеттен жеңілдетілген несие мен грант алу үшін 43 адамға бизнес-жоспарларын әзірлеуге көмектестік, – дейді Мейірман Сауранбеков.

    Бағдарлама жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Оған қатысу үшін «AMANAТ» партиясының аудандық филиалдарына хабарласу қажет.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Талғардың тарихы терең

    Талғардың тарихы терең

    1 year ago
    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    2 years ago
    Қоғамдық тыңдау – даму кепілі

    АЭС-ке қатысты референдум өткізуге қажетті барлық сараптама бар – Министр

    2 years ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ №48 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ №48 МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    Қожаға қол соқты

    Қожаға қол соқты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>