-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіздік талабын сақтайық

    12.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Суға түсу маусымында ескеретін басты жайт – қауіпсіздік шаралары. Осы орайда Қапшағай су қоймасын патрульдейтін төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері белсенді жұмыс атқаруда. Өз ісінің адалдығы мен демалушылардың амандығын бақылайтын азаматтар күнделікті рейдтік шаралар жүргізіп, суға түсу барысындағы қауіпсіздік шарттарын ескертіп, ережелермен таныстыруда. Жазғы демалыс уақытында көл маңайына келетіндердің көптігі соншалық, тек қана күндізгі емес, түнгі уақытта да суға түсетіндер саны біршама. Тыйым салынған уақытта суға түскендерге тосқауыл қою үшін құтқарушы мамандардың жұмысы тым қауырт. Түнгі уақытта да арнайы рейдтерге шығып, қауіп пен қатердің алдын алады. Сондай бір рейдтік іс-шараларға бір топ тілшілер барып, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жағажайдағы жұмысымен танысып қайтты.

    Рейдтік іс-шараларға төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің әскери қызметкерлері мен Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер де тартылған. Қауіпсіздік ережелері туралы хабарлайтын кіріктірілген динамиктерді қолдану арқылы түнде суға түскендерге ескерту жасалып, тіпті айыппұл да салынады. Бұл жөнінде журналистермен бірге жүрген облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, аға лейтенант Дидар Асқарбекұлы айтып өтті. Маманның айтуынша, жыл басынан бері облыстағы су қоймаларында 12 адам өлімі тіркелген. Оның барлығы ересектер.

    – Аймақтағы су қоймаларда орын алатын қайғылы оқиғалардың санын азайту үшін департамент рұқсат етілген орындарда (демалыс орындарында) сегіз адам өлімі тіркелгендіктен, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қоса алғанда, кешенді шаралар қабылдауда. Суға түсу маусымы басталғалы жағажайды ұйымдастыру кезінде су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін төрт заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаларға жедел ден қою үшін 30 кеме (бір ұшқыш, екі қайық, отызға жуық қайық) және 45 дана сүңгуір техникасы мен құралдары дабыл қағуға қойылды. Сондай-ақ департаменттің құтқару бөлімшелерінің базасында облыстағы жеке және коммуналдық жағажайлардың қоғамдық құтқарушыларын оқыту тұрақты түрде жүргізілуде, – деп бүгінгі таңда 137 адам оқытылудан өткенін алға тартты. Департамент өкілі  адамдардың қауіпсіздік ережелерін бұзу мас күйінде орын алатынын, тіпті кейде  құтқарушылардың өздері де оқыс оқиғалардан жарақаттанатынын жеткізді. Құтқарушылардың бірі Дмитрий Иванов журналистерге құтқарушылар жұмысының қиындығын әңгімелеп, оқыс оқиға кезінде жедел әрекет ету қажеттігін айтты.

    – Жақында біз ішімдік ішіп, көлдің терең жеріне шомылған 35 жастағы ер адамды құтқардық. Құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, құтқару құралын лақтырып, жағаға шығарды. Артынша оған айыппұл салып, екінші олай қайталамау қажеттігі ескертілді, – деп сөзін жалғады.

    Тілшілер қатысқан түнгі рейд барысында тепловизор және дауыс зорайтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылды. Қалалық жағажайларды патрульдеу кезінде тыйым салынған жерге шомылғандар анықталып, оларға 170 мың теңгеге жуық 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Биылғы суға түсу маусымында барлығы 217 адам жауапкершілікке тартылып, айыппұлдың жалпы сомасы 3,5 миллион теңгені құраған. Құтқарушылар қауіпсіздік жағдайларын болдырмау үшін балаларды қараусыз қалдырмау керектігін және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертеді. Сондай-ақ  түнде суға түсуге қатаң тыйым салынады.

    Құралбек Сәбитов

    Ұсынымдар

    Мейірім әлемі

    Мейірім әлемі

    1 year ago
    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    3 months ago
    Баспана берілді

    Баспана берілді

    1 year ago
    Ерлік жолы

    Ерлік жолы

    11 months ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>