-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

    09.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және субдуральды қанның ұюын анықтаған. Одан бөлек, қан тамырларының қысылып, ми қабықтарының замқымдалғанын көрген. Нейрохируг-дәрігер Марат Гизатулиннің айтуынша, ота бірнеше сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

     

    «Мұндай ми жарақаттарынан кейін аман қалу қиын. Десе де, науқастың өмірі үшін күрестік. Ми сүйектері үгітіліп кеткен. Көбіне науқастар жол-көлік апатынан немесе абайсызда құлап қалуынан, яғни қатты соққы алуынан осындай жағдайға ұшырайды. Миына қан құйылып, жиналады. Ол адам өміріне аса қауіпті. Адам есін жоғалтып, комаға түсуі тіпті оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан дереу ота жасап, адамның бас сүйегін ашып, сынықтар мен қанды алып тастауға күш саламыз. Тек ота жүргізуімен ғана шектелмейді. Бұл тек аман алып қалудың бір жолы ғана. Науқас одан кейін ұзақ уақыт оңалту шараларынан өтеді», – дейді Марат Гизатуллин.

     

    Мамандардың айтуынша, мұндай жарақаттан кейін тұрғындардың 60-70 пайызы көз жұмады. Қазірде медицина қызметкерлері ауыр хәлдегі науқастың өміріне күресті жалғастырып жатыр. Десе де, күрделі отадан кейін науқасқа ерекше күтім қажет. Бүгінде ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Реаниматолог-дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, жыл сайын Қонаев қалалық ауруханасы қабырғасы дәл осындай диагноздағы 30-ға жуық азаматқа ота жасалады. Шұғыл жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде, ал жоспарлы түрде оталар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен тегін жасалып отыр.

    ӘМСҚ Алматы облысы филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    2 years ago
    Қысылғанда көмек қолын созды

    Қысылғанда көмек қолын созды

    1 year ago
    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    ОСК: Сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берді

    2 years ago

    Алматы облысында пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылуда

    7 months ago
    Бірлік – басты құндылық

    Бірлік – басты құндылық

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.