-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Салық игілігі – халық игілігі

    17.08.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Салық игілігі – халық игілігі

    Мем кіріс департаменті

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          2014 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Ол үш мемлекеттік органды – салық және кеден қызметтерін, сондай-ақ қаржы полициясын біріктірді. Онжылдық мерейтойға орай Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, сала мамандарын мерейтоймен құттықтады.

    – Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті – салықтардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету. Осының арқасында ел бюджеті толықтырылуда. Бұл еліміздегі маңызды мәселелерді шешуге және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аймақтың экономикалық дамуында да салық және кеден салалары үлкен орын алады, олар мемлекеттің дамуы үшін өте маңызды міндеттерді атқарады. Сондықтан да сіздердің елдің экономикалық және қаржылық қауіпсіздік мәселелерін шешуде атқарып жатқан қызметтеріңіз зор. Сала мамандарын комитеттің құрылу күнімен құттықтаймын! – деген аймақ басшысы басқармалардың үздік мамандарына Құрмет грамоталарын табыс етті.
    Бұдан соң әріптестерін облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмұханбет Исақов құттықтады.
    – Бүгін біз шағын мерейтойымызды атап өтудеміз. Барлық әріптесіме еңбектері мен өз жұмысына адалдығы үшін алғыс айтамын. Бұл күнгі шарада ел игілігі үшін жоғары кәсіби қызмет көрсетіп жүрген ұжым мүшелерін мүмкіндігінше марапаттауға тырыстық, – деген ол қажырлы еңбек иелеріне «Мемлекеттік кірістер ор­ганының үздігі», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне – 10 жыл» төсбелгілерін, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамоталарын табыстады.
    Түсіндіру жұмысы және байланыс ор­талығы басқармасының басшысы, «Мем­лекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісінің иегері Алмагүл Алмабек бүгінгі таңда департаментте 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтінін атап өтті. Салыққа түскен түсімдер арқылы елімізде жаңа аурухана, балабақша, мектеп, жол салынып, бюджет қызметкерлеріне жалақы төленіп отырғанын да тілге тиек етті. Бұл сала жұмысының мемлекет пен халыққа әкеліп жатқан пайдасы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, осы салада 40 жылдан астам жұмыс істеген және мерейтойлық төсбелгіні иеленген салық қызметінің ардагері Светлана Кравчук өз әріптестерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
    Шара соңында Мемлекеттік кірістер де­партаментінің қызметкерлері Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның ұсынған арнайы концертін тамашалады.
    Айта кетер болсақ, 10 жыл ішінде мем­лекеттік орган жұмысында үлкен серпіліс орын алды, озық технологиялар маңызды орынға ие болды. Олардың арқасында салықтарды төлеу жеңілдеді. Цифрландыру жұмыстың тиімділігін арттырып, ашықтығын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осы жылдар ішінде салықтардың түсімі 3,5 есеге өсті, ал салық төлеушілер саны 2,2 миллионға жетті, көлеңкелі экономиканың үлесі 18 пайызға дейін төмендеді.
    Салық қызметі әлеуметтік бағдарламалар­ды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуде де шешуші рөл атқарады. Қаражат азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, инфрақұрылымды, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға жұмсалады. Салық қызметінің басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын бақылауды күшейтеді.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында 32 елдімекенге газ тартылған

    Талғар ауданында 32 елдімекенге газ тартылған

    1 year ago
    ОҚУ МӘДЕНИЕТІН БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ

    ОҚУ МӘДЕНИЕТІН БІРГЕ ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ

    1 year ago
    Туған күн деген бір тылсым

    Әулие тағдыр

    4 months ago
    ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

    ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

    8 months ago
    Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

    Заречный кентінде көппәтерлі үй өртенді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.