-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Санаққа дайындық  жайы пысықталды

    09.08.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Үкімет
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Алматы облысы әкімдігінің мәжіліс залында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес 2025 жылғы 1 тамыздан 20 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданған. Осыған орай жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Алмас Батанов жалпымемлекеттік маңызға ие іс-шараның өңірімізде де сапалы орындалып, жауапкершілікпен өткізілуін қадағалауды және оған жауаптылардың барынша қатысуын сұрады.

    Қазіргі уақытта Алматы облысының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізудің 2024-2025 жылдарға арналған күнтізбелік жоспары әзірленіп, бекітілген. Жиын барысында аталмыш құжат комиссияның барлық мүшелеріне таратылып, танысу үшін ұсынылды.

    Күнтізбелік жоспар бастапқы құжат екені айтылып, 2024-2025 жылдар ішінде ол Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан алынған ұсынымдарға сәйкес толықтырылатыны тілге тиек етілді. Алмас Сұлтанұлы биыл наурыз айында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу жөніндегі комиссия құру туралы өкімі шығарылғанын айтып,  бұл жөнінде құрылған комиссияның міндетін тарқатты. Комиссия мүшелері бекітілген кестеге сәйкес штаттық режимде, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде мәжіліс өткізеді. Сонымен қатар аймақтың ауыл шаруашылығы санағын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарында көзделген жұмыстың уақытылы және сапалы орындалуын үйлестіруді қадағалайды.

    Облыс әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне ауыл шаруашылығы санағы процесін егжей-тегжейлі талқылауды, дайындық жұмыстарын қарау және 2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында пилоттық санақты сапалы өткізу қажеттігін тапсырды.

    Келесі сөз кезегін алған Алматы облысы бойынша Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Бағлан Қарғұлов баяндама жасап, 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағының мақсаттары мен міндеттерін және пилоттық санақты сапалы жүргізу үшін қажетті міндеттерді атап өтті.

    Күн тәртібіндегі келесі мәселе комиссия мүшелерінің мақсаттары мен міндеттерін талқылау және 2024 жылы пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізуді ұйымдастыру бойынша комиссия мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, ұлттық санақты сапалы өткізу жайы айтылды. Бұл бойынша сөз алғандар санаққа жәрдемдесу жөніндегі комиссияның әрбір мүшесінің міндеттерін, мақсаттары мен жауапкершілік аймағын оның функционалдық міндеттеріне сәйкес айқындау қажеттігін алға тартты. Комиссия мүшелері өздерінің мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етіліп, барлық материал алдын-ала жіберілгендіктен комиссия төрағасы мәселені талқылауға бірден көшіп, жиынға қатысушыларды бірыңғай шешім қабылдауға шақырды. Сондай-ақ оны хаттамалық түрде бекіту үшін өз ескертуі мен ұсынысын жеткізді.

    Құралбек Сәбитов

    Ұсынымдар

    Батырлар елінен бір мезет

    Батырлар елінен бір мезет

    1 year ago
    Жеңімпаз атанды

    Жеңімпаз атанды

    10 months ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    1 year ago
    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    2 years ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.