-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Саяжай балаларына арналған

    28.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Алматы облысында 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 54 мың оқушыны қамтитын 53 жаңа білім ордасын салу жоспарланған. Соның ішіндегі 10 мектеп Еңбекшіқазақ ауданының еншісінде. Былтыр жазда төртеуінің құрылыс жұмыстары басталды. Бұйыртса, Алмалы, Сатай, Қаражота және Ащысай ауылдарында салынып жатқан білім ошақтары биыл жыл соңына дейін қолданысқа берілуі керек.

    Ал бірінші қыркүйекте оқушыларға ауданда екі жаңа мектеп есігін айқара ашуға дайын. Олар Рахат ауылдық округінің саяжайлар аумағында және Шелек ауылында орналасқан. Екеуі де 900 орынды. Аталған білім шаңырақтарын Болат Өтемұратов қорының тапсырысымен мердігер мекеме «BAZIS CONSTRUCTION» компаниясы салған.

    Бүгінде Рахат ауылдық округінде бой көтерген ғимараттың іші-сыртында тазалық жұмыстары мен желілерді тексеру жүргізіліп жатыр. Заман талабына сай сапалы жиһазбен, білім ошағына қажетті құрал-жабдықтармен, бүкіл техникалық базамен қамтылған. Ауданы 12922 шаршы метр болатын мектепте роботехника, физика, химия, биология кабинеттері, зертхана, ағаш шеберханасы, еңбекке баулу шеберханасы, гимнастика, акробатикамен айналысатын кіші спорт зал мен баскетбол, футболды еркін ойнауға болатын үлкен спортзал, акт залы, кітапхана және жертөледе кітап сақтайтын кең қойма қарастырылған. Қысқа айтқанда, оқитын балаға бар жағдай жасалған. Бұл жақсылықтың бәрін бүгінде күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп оқушылары алғашқы болып көреді. Яғни жаңа ашылған Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп ғимаратында биыл Қ.Сәтбаев мектебінің 1500 оқушысы екі ауысыммен оқиды. Аталған білім ошағындағы жөндеу жұмыстары наурыз айында аяқталса, Есік қаласындағы бірнеше мектепке тасымалданып оқитын жергілікті жердің, яғни Рахат ауылдық округіне қарасты саяжайларда тұратын балалар жаңа мектепте оқуларын жалғастырмақ.

    Қ.Сәтбаев орта мектебімен қатар ауданда тағы төрт мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар – Есік қаласындағы Абылай хан, Шелектегі Абай, Ащыбұлақтағы Н.Бубенцов және Бижанов ауылындағы М.Мақатаев атындағы мектептер. Сонымен қатар Шелек ауылында орналасқан Х.Бижанов атындағы мектепке жапсаржай құрылысы салынуда. Үшқабатты ғимаратта акт залы, спорт зал, кешенді шеберхана, музыка, роботехника кабинеттері мен STEM-зертханасы болады. Бұл нысан биыл қазан айында қолданысқа беріледі.

    Қазан немесе қараша айында аяқталатын тағы бір нысан – «Алтын адам атындағы инновациялық» мектебі. Рахат ауылдық округінің саяжайлар аумағында орналасқан бұл мектептің құрылыс жұмыстары былтыр көктемде басталған. «Menin Mektebim» ЖШС-нің тапсырысымен салынып жатқан білім ошағының құны – 5 млрд теңге. 1500 орынға арналған мектеп қолданысқа берілсе, екі ауысымда 3000 оқушыны қамтып, саяжайлардағы бала тасымалы сынды басты мәселе де шешімін табар еді. Бұл мектеп те жоғарыда айтылған бар игілікке ие болмақ. Яғни STEM-зертханалар, робототехника кабинеті, бүкіл техникамен жабдықталған пәндік кабинеттер, электронды кітапхана, тағы басқалары бар. Айтпақшы, «Білім шаңырағы жекеменшік иелікте болғанына қарамастан мұнда білім алу ақысыз, бұған қоса түрлі үйірмелер де тегін болмақ. Пәндер тереңдетіліп оқытылып, халықаралық деңгейдегі SAT, IELTS секілді ағылшын тілін меңгеру деңгейі тексерілетін тестке дайындық қолға алынады», – дейді мектеп директоры Ботакөз Шәрібек.

    Білім алуға қажеттінің бәрі қарастырылып, кең, жарық, жайлы мектептер ел игілігіне беріліп жатқаны қуантады. Болашақ бүгінгі білімді жастардың қолында екенін ескерсек, бұл мектептер – ертеңгі күнімізге салынған инвестиция.

    Құралай Мұратқызы,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Энергия тапшылығы сезілуде

    Халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды – БАҚ мониторингінің нәтижелері

    8 months ago
    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    Елімізде 217 жайлы және 200 тірек мектеп желісі құрылуда

    4 months ago
    Қонаев қаласындағы оңтүстік көпір жолы ашылды

    Қонаев қаласындағы оңтүстік көпір жолы ашылды

    1 year ago
    Кітапхана жайын кім ескерер?

    Кітапхана жайын кім ескерер?

    2 years ago
    Дер кезінде қабылданған шешім

    Дер кезінде қабылданған шешім

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.