-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүзден жүйрік шықты

    21.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жүзден жүйрік шықты
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Іле ауданында грэпплинг спортынан Қазақстан чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің 15 аймағынан 12-13 және 14-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. 800 спортшы өнер көрсеткен сайыста 80 медаль сарапқа салынды. Бұл жарыс осы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін облысымыздың жасөспірімдер құрамасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. 

     UWW грэпплингінің құрамына грэпплинг және грэпплинг ги атты екі сайыс енеді. Біріншісінің екіншісінен айырмашылығы – грэпплинг бойынша сайысатындар кәдімгі жейде мен шолақ шалбар киіп күш сынасса, грэпплинг гиде кимоно киіп бақ таластырады. Бүгінгі таңда аталған спорт әлемде кеңінен танымал. Оны бекерден-бекер «партердегі күрес» деп атамайды. Облыстық UWW грэпплингі федерациясының президенті Дәулет Ауданбаевтың айтуынша, жекпе-жектің бұл түрі елімізде 2012 жылдан бастап дамып келеді.

    Федерация президенті: «Алматы облысында UWW грэпплинг спортына деген қызығушылық артып келеді. Өткен жылы біздің спортшылар «ASIA OPEN» атты Азияның ашық чемпионатында өз шеберліктерін көрсетті. Олар 4 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Биыл Ақтау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында да облысымыздың балуандары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Грэпплинг – еркін, грек-рим, дзюдо, самбо, джиу-джитсу және басқа да күрес техникаларының басын қосқан жекпе-жек түрі. Сондықтан бұл спорт Қазақстанда белсенді түрде дамып келе жатыр. Мемлекет те қаржылай көрсетуде», – деп қуанышын жасырмады.

    Екі күндік жарыста Астана қаласының спортшылары жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында Алматы облысының сайыскерлері тұрақтаса, Маңғыстау облысынан келген сайыпқырандар үшінші орынды иеленді.

    Бейбіт Мекеев,

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары орындардан көріне бастады

    Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары орындардан көріне бастады

    4 months ago
    Әкенің қас-қабағы

    Әкенің қас-қабағы

    4 months ago
    Туған жерін әнге қосқан

    Туған жерін әнге қосқан

    2 weeks ago
    ЖАЙСАҢДАҒЫ ЖАНАЙҚАЙ

    ЖАЙСАҢДАҒЫ ЖАНАЙҚАЙ

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.