Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауында көтерілген «қарызсыз қоғам» құру бастамасы біз үшін үлкен маңызға ие. Президентіміздің айтуынша, осы бастама азаматтарымыздың қаржылық жағдайын жақсартуға және қаржылық тәуелділікті азайтуға бағытталған.
Атап айтқанда, Президент 2023 жылы 65 мыңнан астам адамды қамтыған, «AMANAT» партиясы бастамашы болған «Қарызсыз қоғам» жобасының нәтижелерін жоғары бағалап, оның аясын кеңейту қажеттігін атап көрсетті. Алматы облысының өзінде 7 мыңға жуық адам қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтіп, қаржы мен заң мәселелері бойынша кеңес алды.
Бұл жоба азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығын арттыруға және ұқыпты қаржылық жоспарлауды дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін оқытуды енгізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар қаржылық қиындықтардан сақтануға көмектеседі және қоғамдағы қаржылық тұрақтылықты арттырады.
Қаржылық тәуелділікті төмендету, қаржы ұйымдарының қызметін қатаң бақылау және азаматтарға қаржылық кеңес беру – елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың негізі. Осы бастаманы қолдай отырып, әрқайсымыз қаржылық білімімізді арттырып, ақшаны тиімді басқару дағдыларын үйренуіміз қажет.
Президентіміздің бастамасын қолдай отырып, біз болашақта әділетті әрі тұрақты қоғам құруға өз үлесімізді қоса аламыз!
Қуат Байғожаев,
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы