Қапшағай су қоймасының жағалауына демалуға келетіндердің саны жыл санап артып келеді. Мысалы, биыл олардың саны 1,5 млн-ға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мыңға көп.
Негізгі көрсеткіш
Қаладағы 140 демалыс орны (қалалық жағажайларды қосқанда) 840 млн. теңгеге қызмет көрсетті.
Ауқымды іс-шаралар
Ашық суда жүзуден «Ocean Man» Халықаралық жарысы өтті. Оған 17 елден 2600 спортшы, 3000 жанкүйер келді;
Жеке компаниялардың ұйымдастыруымен «Rock family fast» фестивалі өтті;
Орталық Азия дрифт шоуы ASP Arena-да өтті. Жарысқа 7 мемлекеттің 40 темір тұлпар жүргізушісі қатысты. Көрермен болуға 3500 адам келді;
Жаз бойы сенбі күндері «Aspan fest» концерті ұйымдастырылды. Онда отандық әртістер өнер көрсетті.
Инфрақұрылымды дамыту
Речников көшесін «More Lux» демалыс орнына дейін созу жоспарланып отыр. Көшенің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.
Сонымен қатар солтүстік жағалауда 25 шақырым су құбырын тарту үшін құжаттар жасалып жатыр.
Инвестиция
Биыл «Ақ Жайық» демалыс орнының қонақ үй кешені қолданысқа берілді. Алдағы уақытта инвестициялық қаржыға 9 демалыс нысаны салынбақ. Тартылатын қаражаттың жалпы көлемі – 294,6 млрд. теңге. Жаңадан 2000-нан астам жұмыс орны құрылады.