«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.
Аталған сауалнама ҚР заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілгені, атап айтқанда, референдум өткізу мерзіміне қарсы қоғамдық пікір өлшемін жүргізу туралы ҚР ОСК хабардар етіліп, оған ҚР ОСК-сы 11.09.2024 ж. №ЗТ- 2024-05252908 хатпен жауап бергені атап өтілген.
17 облыс және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 – ға жуық адам қатысқан.
Сауалнама анкетасына АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба? Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады? Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе? Деген сұрақтар қойылған. Қатысушылардың 35,6 пайызы «Міндетті түрде барамын», 20,2 пайзы «Мүмкіндігінше баруға тырысамын» деген нұсқаларды таңдаған. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті. Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы 12,2 пайызы ғана «референдумға қатыспаймын» деген.
alatauaraiy.kz