Ел басшысының балалар қауіпсіздігіне баса назар аударғаны өте құптарлық жайт, өйткені киберқауіпсіздік мәселесі біздің еліміздің ғана емес, барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Оның ішінде ғаламтордың балалар үшін зиянды қауіп-қатерінің күннен-күнге артып келе жатқандығы тағы бар. Мұның себептері де салмақты, біріншіден,бұл ұлттық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, екіншіден, сөз бостандығы мен жариялылығы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылатындығында болса керек. Мәселен, қазіргі таңда интернет әлемдік желіде бақылаусыз немесе мақсатты түрде деструктивті ақпараттардың түрлі ағымдарын таратудың алаңына айналып отырғаны да жасырын емес, олай болса бұл саланы заңдық тұрғыдан реттеуде шетелдің озық тәжірибелерін үлгі етіп, сонымен қатар мемлекеттік бақылауды да күшейту қажет.
Ал, біздер-ғалымдар өз тарапымыздан әлеуметтік медианы қолдану барысында балалардың құқығын қалай қорғау керек, қазіргі таңда интернеттен келер қауіп қандай және бұл бағытта елімізде және әлемнің дамыған мемлекеттерінде әлеуметтік және заңдық тұрғыдан қандай кешенді жұмыстар атқарылып жатыр деген мәселе жайлы зерттеу жүргізіп, өз тұжырымдарымызды айтуымыз қажет.
Жолдаудағы тағы бір атап өтерлік мәселе – қазіргі әлемнің маңызды тенденцияларының бірі – білім беруді интернационалдандыру және оның жаһандық дамудағы рөлі. Бұл дегеніміз әртүрлі мемлекеттердің білім беру тәжірибесіне халықаралық компонентті белсенді енгізу процесі. Бұл бағытта әл-Фараби университеті еліміздің ЖОО-лары арасында көш бастап тұр!
Орынтай Ошанова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика
факультетінің қауымдастырылған профессоры