Қоғам өмірінің тамырына қан жүгіртетін негізгі екі бағыт бар, бірншісі – экономикалық, екіншісі – саяси нарық. Демократия прициптерінің нықтап орнап, өркениет көшіне ілесуіміз де осыған байланысты. «Еркін өмір сүргің келсе, заңға бағын»,- деген антикалық дәуірден қалған сөздің азаматтық қоғам құрудағы мәні зор. Осы тұрғыда ел ішінде ағарту жұмыстарын жүргізіп, заң орындалуымен құнды екенін түсіндіру маңызды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді.
Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады»,- деп атап өткен болатын.
Жолдауда Президент астын сызып, шегеліп сөз еткен тоғыз бағыттың орындалып, алда тұрған тоқсан тоғыз кедергіні еңсеруге серпін бері анық. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік дидарын қалыптастыруда отандастарымыз жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірлігіміз арқасында биіктерді бағындырымызға сенемін!
Бекжан Әшірбаев,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
ЮНЕКО-ның журналистикасы және
коммуникациясы кафедрасының аға оқытушысы