Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауында ел Президенті энергетика мәселесін шешудің маңыз¬ды¬лы¬ғын ерекше айтып кетті.«Бүгінде энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлі зор. Энергетикалық қа¬уіп¬-сіз¬дікті қамтамасыз ету – бас¬ты міндеттің бірі. Елі¬міз¬¬де энергия¬ны тұтыну қар¬қыны жылдан-жылға артып келеді»,- деді мемлекет басшысы.
2035 жылға қарай елдің электро энер¬г嬬ти¬калық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді деген болжам бар. Белгіленген уақытқа дейін қол¬да¬ныстағы электрлі стансалардың шығарғаны тек 135 млрд КВт сағат көрсеткішіне дейін болса, бүгінгі күні тұтыну мөлшері 152,4 млрд КВт сағатты құрап отыр. Яғни қазіргі жүктемелерді толықтай қам¬та¬масыз ете алмайтынын айғақ¬тайды. Электр құуат өндіруде ядролық генерацияны дамытудың және көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібінде сақтаудың қажет¬тіліктері бар. Нақты айтқанда еліміздегі электр қуатын өндірудегі таза электр қуатының үлесін арт¬тыру, ел экономикасындағы көміртегі ізін азайту, көмірқышқыл газын ауаға тастауды азайту жөніндегі міндеттемелерін орындау, елдің энергетикалық инфрақұрылымының тұрақтылығын қам¬тамасыз ету, соның ішінде экологиялық таза энергия өндіру¬дің өсуін қамту.
Осы тұста эколо¬гия¬лық жағдайына тоқтасақ, парниктік газдардың орны орасаң зор.
Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар еке¬нін де ескеру қажет. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әр¬тараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ табиғаиһтқа парниктік газ шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзі¬не жатады. Атом энергиясы энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығына да жауап береді. Өйткені АЭС үздіксіз жұмыс істейді ауа райы жағдайына . Заманауи технологияларды енгізу АЭС-тің жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атом энергетикасы елі¬міздің техно¬логиялық дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар АЭС-тің жұмыс істеуі олар орналасқан аймақтардың экономикалық өсуіне тікелей байланысты. Заманауи АЭС энергия тиімділігін арттырып, смарт-желілік жүйелерге біріктірілуі де мүмкін. Атом энергетикасы импорттық энергия ресурс¬тарына тәуелділікті азайтып, елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтады. АЭС энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың ұзақмерзімді болашағын қамтамасыз етеді. Тіпті суте¬гі және басқа да жоғары тех¬но-логиялық өнімдерді өндіруге пайдалануға болады. Оған қоса ядролық физика мен технология саласындағы зерттеулер мен инновациялардың серпілісіне жол ашады.
Мемлекет Президентінің айтуына қарағанда, әлемде өнеркәсіп пен экономиканы көміртегінен ада қылудың орнықты үрдісі бай¬қалады. ЕО-ға мүше елдерде парниктік газдардың қалдығын 2030 жылға қарай 55 пайызға азайту жоспарланып отыр. ЕО-да көміртегі салығы («carbontax») енгізіледі. Бұл отандық өнімнің экспортын едәуір қиындатуы мүмкін. Жаңа жағдайларға байланысты тауарларға қойы¬¬ла¬тын техникалық регламенттер, стандарттар мен талаптар өзгереді. Президенттің тапсырмасы бо¬йынша көміртегін аз пайдаланып, дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ Үкі¬мет электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны пысықтап, 2035 жылға дейінгі энергиялық теңгерімді әзірлеуде.
Жоғарыда аталған мәселе¬лерді қорытындылай келе, мына ойға тоқтадым:
АЭС салу және оны жүзеге асыру бойынша инфра¬құрылымды нақтылау, АЭС салу құрылысын тә¬жіри¬бесі бар елдің компания¬сына табыстау сол сиақты АЭС-ке құзырет¬тілігі ж¬о¬ғары жауапты оператор ретінде арнайы органды белгілеу және оған Президентке тікелей есеп беру міндетін жүктеу.
Мәден Мұсаев
Алатау қаласы Қоғамдық кеңес төрағасы