Кеген ауданы Қарқара ауылының түлегі Ержан Мырзанұлың демеушілігімен «Ауылым – алтын бесігім» атты шағын футболдан турнир өтті.
Турнир ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, спорт мәдениетін қалыптастырып, ауыл азаматтарына қолдау көрсетуге бағытталды.
Аталған турнир айбынды әнұранмен басталды. Шараның ашылу салтанатына Қайрат Жолдыбай, Муқасан Шахзадаев, Мейрамбек Бесбаев, Бағлан Абдрайымов сынды мәдениет және өнер саңлақтары қатысты. Турнирде 1973 – 2006 жылғы ауыл азаматтарынан құралған 22 команда сынға түсті. «Мұндай аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты жалғайтын спорт болашаққа үлгі.Осындай өнегелі іске мұрындық болып отырған ұйымдастырушы Ержан Мырзаға алғыс айтамыз», – деді шарада сөз алған белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай. Жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.
alatauaraiy.kz