Еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты – АЭС құрылысы. Бүгінгі күнге электр қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Осыған дейін бұл салада даму көрсеткіштерін 2030 жылға 10%-ға дейін өсіруді мақсат етсек, енді Президенттің тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін жеткізбекпіз. Нәтижесімен АЭС құрылысы еліміздің дамуына мультипликативті әсер беретіні сөзсіз.
2 құркүйекте Ел басшысы Жолдауында энергетика мәселесін түбегейлі шешуді маңыздылығы зор екенін атап өтті. Жолдаудан туындаған міндеттерге сүйенсек 2024 жыл елдің болашақ энергетикалық шаруасын шешуші кезеңі болмақ. Осыған сәйкес елде атом электр стансаын салу мәселесі қоғамда қызу талқыға салынып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Аталған референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
Бізге АЭС не үшін қажет дейтін сұрақтарға келесі дәйектерді келтіргім келеді.
Оған бірнеше негізгі себептері бар.
Ең алғы себебтердің бірі елдің экономикалық өсуі мен демографияның артуы электр қуатын тұтынуға сұранысы жылдан жылға арттырып келеді.
Екінші мәселе — елдегі энергетикалық инфрақұрылымның тозығы жетуі. Жасыратыны жоқ, көмірмен жұмыс істейтін стансалар (ТЭЦ) экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып барады. Тек 2023 жылы Қазақстан Ресейден 3,4 миллиард кВт·сағ электр энергиясын импорттап, бұл елдегі электр энергиясының тұтынудың 20%-ын құрады. Осы тұрғыда АЭС тұрақты әрі сенімді энергия көзі ретінде қарастырылып отыр.
Үшінші мәселе, АЭС-тің құрылысы Қазақстанның қатты отын мен газға тәуелділігін азайтып, ауаға бөлінетін СО 2 (көміртегі шығарындылары) төмендетуге негізгі әдістердің бірі екені анық. Мұндай стансалар экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі ретінде елдің парниктік газдарды азайту бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауына жол ашады. 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына жету Қазақстанның басты экологиялық мақсаттарының бірі болып табылады.
Мысалыға әлем тәжірибесіне сүйенсек АҚШ-та қазір 92 атом реакторы жұмыс істеп тұр, Оңтүстік Кореяда 24 реактормен мемлекетінің шамасымен 30%-ға жуық энергиясын қамтамасыз етеді. Қытайда елдің ядролық қуатын арттыру үшін 27 жаңадан реактор салынып жатыр. Бұл елдер жаңа қауіпсіздік технологияларын, соның ішінде шағын модульдік реакторларды (SMR), қолданып келеді, яғни атом энергиясын одан әрі қауіпсіз етуге бағытталған шаралар болып табылады.
Қазіргі таңда дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200- ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Сол себепті біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерізімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен атқанда болашақты ойлауымыз қажет.
Қорыта келе атом электр стансасын салу болашақта орын алуы мүмкін энергия тапшылығының алдын алуды көздейді. Бұл қадамды орынды бастама деп есептеймін. Сондықтан 6 қазан күні өтетін Референдумда ел тұрғындары саналы таңдау жасайды деп сенемін.
Асқар Юсупов
Алтау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы