Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары мен тәртібі қандай? Бүгінгі мақаламызда осы сауал төңірегінде жан-жақты ізденіп, халыққа толыққанды мәлімет беруді жөн санадық.
Мемлекеттік қызмет көрсету дегеніміз – қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қолжетімді болуы, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу, ашықтық, сапа, үнемділік пен тиімділік сияқты негізгі қағидаттары бар. Осы орайда Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты ең алдымен «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтер округ тұрғындарына сапалы, уақытында және ең жоғары деңгейде көрсетілетінін ерекше атап өткім келеді. Ең бастысы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мамандар біліктілігін мезгіл-мезгіл арттырып отырады. Яғни олардың кәсіби саласындағы барлық өзекті өзгерістерге ілесу үшін біліктіліктерін арттырып отыру міндетті.
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату». Бұлардың ішінде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет түрі көп көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері www.egov.kz, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік қызметтер əртүрлі қызмет көрсету параметрлерімен байланысты. Мемлекеттік қызметтерді алу процесін жақсарту бойынша ауылдық округ тұрғындарының ұсыныстары міндетті түрде ескеріледі және сауалнама жүргізіледі. Ауылдық округ әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін «Электрондық үкімет» порталына кіретін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ғимараттың бірінші қабатындағы мемлекеттік қызметтерді алу кабинетінде теледидар, диспенсер, компьютермен, принтермен, картридер, камера, келушілер отыратын жұмсақ орындықтармен жабдықталған. Бұрышта кеңсе жабдықтары, тиісті белгілер бар. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу туралы бейнематериалдар көрсетілуде. Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған қағидалары бар стендтер орналасқан. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қағидаларына өзгерістер енгізіліп оты- рады.
Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу барысында барынша жағдай жасалған және қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат қағидаларға сәйкес толық нысанда ұсынылуда. Округ әкімі аппараты ғимаратында тұрғындардың ұсыныс, сын-ескертпелерін жинақтауға арналған жәшік, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға ынғайлы болу үшін кіреберісте пандус, шақыру түймесі мен шақыру түймесінің белгісі, төтенше жағдай кезіндегі эвакуациалау тақтасы орнатылған. Анықтамалар брайль шрифтімен жазылған. Кезексіз қызмет көрсету туралы ескертпе белгі де қойылған. Қазіргі уақытта ауылдық округтерге қарасты орта мектептер мен балабақшада «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. «Өзіне-өзі қызмет» көрсету бұрышы арқылы тұрғындар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады. Əр мекемеде арнайы мамандар бекітілген.
Еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (түскі үзіліс 13-00-14-30) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрдайым есігіміз ашық. Мемлекеттік қызмет туралы сұрақтарыңыз болса, Ащысай ауылы Жібек жолы көшесі, №56 «А» мекенжайы бойынша орналасқан «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келіп немесе +7 /72776/ 7-33-49 телефоны арқылы толық мәлімет алуға болады.
Азат ТІЛЕУКЕ,
«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы
Еңбекшіқазақ ауданы