Алатау қалалық Қоғамдық штаб мүшелері «Долче фарм» ЖШС ұжымымен кездесті.
Мекеме ұжымымен кездесуде штаб өкілдері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндады. Оның ішінде атом энергиясына қатысты мәселелер де талқыланды.
Қоғамдық штаб төрағасы Мәден Мұсаев: АЭС құрылысы бізге жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Жұмыс істеп тұрған атом электр станциясындағы жаңа жұмыс орнын жасақтайды. Ол сирвистік компаниялар мен мекемелер, сол сиақты шағын бизнес жаңа серпін алады. Атом электр станциясының құрылысы іске асқан жағыдайда оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың серпіні яғни онда жол, инженерлік инфрақұрылыммен бірге мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. сиақты әлеуметтік инфрақұрылым салынады. Атом электр стансасының құрылысы жергілікті және республикалық бюджеттерге түсетін салықтық базаны арттыруға мүмкіндік беріп, ұзақ уақыт бойы электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға ықпал етеді,-деп мәлімдеді.
Қалалық Қоғамдық штаб мүшесі Бақыткүл Әзімбаева өз сөзінде: Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық мәртебесін жоғарылатып, әлемдік аренадағы бейбіт атомын игеруде өз орнын нығайта алады деп есептеймін. Себебі, атом электр станциялары елді энергетикалық саласын басқа мемлекеттерге тәуелді қылмай елдің сұранысын қамтамасыз етеді. Атом электр станцияларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді,-деді.
Кездесуде сөз кезегін алған «Долче фарм» ЖШС-нің атқарушы директоры, Алатау қаласы мәслихат депутаты Маржан Омарова: Атом энергиясын өндіруде жергілікті қауымдастықтардың, бүкіл елдердің де дамуында маңызды рөл атқарады. 20 ғасырда бейбіт атомның мүмкіндіктерін зерттеу үшін көптеген қалалар құрылды немесе дамыды. Олардың көпшілігі бүгінге дейін сәтті жұмыс істеп келеді. Себебі АЭС қалақұрушы кәсіпорындар қатарына жатады. АЭС салыңған өңірде жаңа қала бой көтеруі сөзсіз, – деп, ұжымын тегіс дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Кездесуде ұжымы мүшелері атом энергиясы жайлы өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.
alatauaraiy.kz