Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Гросси әлем бойынша 17 мемлекет АЭС салуға ниет білдіргенін, оның ішінде нақты қолға алып жатқан 10 мемлекет бар екенін атап өтті. Ал, осы ондықтың ішінде Қазақстан да бар. Агенттік бұл жұмыстарды өз бақылауына алғалы отыр. Кейбір адамдар электр энергиясын көмір, мұнай, газ, жел, күн, биоқалдықтар арқылы алуға болмай ма деп сұрап жатады. Париж меморандумына байланысты олардан бөлінетін қалдық заттарды ауаға таратып жатсыңдар деген желеумен айыппұл салуы мүмкін. Сондай-ақ, жоғарыда аталған энергия көздерін пайдаланып отырған мекемелер өз өнімдерін экспортқа шығара алмауы да ғажап емес. Ал, АЭС-ті қолданатын болсақ бір жылда 20 млн.тонна қышқылды ауаға таратпауға септігі тиеді екен. Осының барлығын ескеруіміз керек. Баламалы энергия көздерін пайдаланбаймыз деген де сөз емес. Салыстырып қарайтын болсақ, күннен алатын электр энергиясының қуаттылығы әнебір күшті еместігі белгілі. Оның жұмыс істейтін уақыты 6-8 сағаттың арасы, күн бұлтты кезде тіптен жұмыс істемей қалады. Желдің де өзіндік технологиясы бар. Бұлардың пайдалану мерзімі 15 жыл. Ал, АЭС-тің жұмыс істеу мерзімі 60-80 жылға дейін. Сондай-ақ, мысал ретінде айтар болсақ, АЭС салуға 100 гектар жер қажет болса, күн панелін салуға 29 мың гектар қажет болады. Мінекей, осындай ньюанстарын да естен шығармаған дұрыс.
Бекет Кенжеғұлов
техника ғылымдарының докторы
Turkystan.kz алынды