Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдайтын Халықтық штаб аймақтардағы кездесулерін жалғастыруда. Кезекті сапарымыз Қостанай облысында өтті, мұнда студенттерден бастап энергетика саласының мамандарына дейінгі аймақ тұрғындарымен маңызды талқылаулар ұйымдастырылды.
Кездесулердің бірі Рудный индустриалдық университетінде өтті. Бұл шараға 100-ден астам студенттер мен оқытушылар қатысып, референдумға шығарылған мәселе бойынша пікірлерін білдірді. Жастар өз сұрақтарын қойып, қызығушылықтарын танытты. Біз, мәжілісмендер мен сарапшылар, бұл мәселенің елдің болашағы үшін стратегиялық маңыздылығын ерекше атап өттік.
«Қазақстанда атом электр станциясын салу – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ең ауқымды жобалардың бірі. Атом энергетикасының болашағы – сіздердің болашақтарыңыз. Жас инженерлер мен мамандар осы саланың негізін қалаушылар болады. Қазақстандағы АЭС мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашып, технологиялық инновацияларға мүмкіндік береді. Глобалды тұрғыда мұндай электр энергиясының көзі елдегі электр тапшылығын азайтып, инвестициялық қызығушылықты арттырып, экономиканың өсуіне қуатты серпін береді», – деп атап өттім.
Ақпарат aqshamnews.kz сайтынан алынды