Халықтық штаб мүшелері Еңбекшіқаза ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды. Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.«АЭС – бұл экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі. Бүгінгі таңда Қазақстанның электр энергиясын тұтыну деңгейі жыл сайын артып келеді, ал қолданыстағы станциялар бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмай отыр. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, сыртқы нарықтарға тәуелділікті азайтамыз», – деді Халықтық штаб мүшесі Совет Смадылов.Тұрғындар атом электр станцияларының экологияға әсері, қауіпсіздік шаралары және олардың ел экономикасына тигізетін пайдасы туралы толық ақпарат алды.
Өңірлік Халықтық штабтың
баспасөз қызметі