Талғар ауданындағы Кендала ауылындағы №36 орта мектепте АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ұйымдастыруымен еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуде атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі мен қауіпсіздік жүйелері талқыланды.
«Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының 70%-ы тозған, сондықтан жаңа және қауіпсіз энергия көздерін дамыту қажет. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тапшылық мәселесін шешіп, тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етеміз. АЭС жылына 100 млрд кВт/сағ-қа дейін энергия өндіруге қабілетті, бұл еліміздің қажеттіліктерін толық қанағаттандырады», – деді Халықтық штаб мүшесі Булекова Роза.
Осыған байланысты, ауыл тұрғындары АЭС құрылысына қолдау білдіріп, бұл жобаның елдегі агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуда стратегиялық маңызы бар деп санайды.
alatauaraiy.kz