ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев Қарасай ауданының Іргелі ауылында бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездесті.
Жиынға халықтық штаб өкілдері Қанат Бекиев, Бақыт Нарботаев, Орынбай Жанәділ де қатысты. Кездесу барысында елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек айтылып, АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтылып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерде мысалға келтірілді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін де алға тартты. Жиын соңында халықтық штаб мүшелері тарихи 6 қазан күні, нақты, батыл шешім қабылдау қажет екендігінде айтып өтті.
Өңірлік Халықтық штабтың баспасөз қызметі