АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин Іле аудандық халықтық штаб мүшелерімен бірге «МЕДИАТЕК Н» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесуде атом электр станциясының құрылысы және оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы туралы қатысушылармен пікір алмасты. Жиында Атом электр стансасының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр стансасының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы екені айтылды. Атом электр стансасыныңда өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ стансаының қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылағаннан кейін және жобалық құжаттаманы әзірлеуден соң анықталады. Бұл талқылаулар мен құжаттаманы дайындау жобаның барлық экономикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі. – деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Максим Рожин. Пікір алмасу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдайтындарын жеткізді.
Өңірлік Халықтық штабтың
баспасөз қызметі