«Қазақстанда энергия тапшылығы қазірдің өзінде 1,3 гигаватты құрап отыр, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 гигаватқа дейін өсуі мүмкін», – дейді ғалымдар.
Бейбіт атомды пайдаланудың артықшылықтарын талқылаған мамандар атом электр станцияларының маңыздылығын атап өтті. Бұл энергия көздері «жасыл» технология ретінде де қарастырылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Федор Пеньковтың айтуынша, атом энергетикасы Қазақстан үшін аса маңызды мәселе болып отыр.
«Өйткені елімізде электр энергиясын өндіруде негізінен көмір мен газ қолданылады. Жыл сайын атмосфераға 35 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газдары шығарылады, бұл қоршаған ортаға едәуір зиян келтіруде», – дейді ғалымдар.
aqshamnews.kz сайтынан алынды