АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері Талғар ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көміртегі бейтараптығына жету жолдары және АЭС құрылысының артықшылықтары туралы сөз қозғалды.
Штаб өкілдері атом электр станциясының көміртегі шығарындыларын азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аймақтық инфрақұрылымды дамытуға қалай ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу соңында аудан тұрғындары алдағы референдумға белсенді қатысып, АЭС-ты қолдауға дайын екендерін жеткізді.
Өңірлік Халықтық штабтың
баспасөз қызметі