Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдау мақсатында Ұйғыр ауданындағы «АзияГаз» мекемесінің ұжымен кездесу өтті.
Шараға Халықтық штаб мүшелері мен мекеме ұжымы қатысты. Кездесуде штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін ашып айтты. Кезде ұжымдағы қызметкерлер де ойларын ортаға салып, АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолдайтындықтарын білдірді.
Өңірлік Халықтық штабтың баспасөз қызметі