АЭС салу туралы референдум өткізу Қазақстанның атом энергетикасын бейбіт мақсатта дамытуға деген ұмтылысы. Бұл қадам халықтың шешім қабылдау құқығын құрметтеудің белгісі.
Қазақстан халқы Кеңес одағы кезінде атомды әскери бағдарламада пайдалану зардабын шеккен ел ретінде АЭС салуға қатысты шешім қабылдауда маңызды рөл атқаруы тиіс.
Бұл – Үкіметтің халыққа артқан үлкен сенімі мен тарихи шешім қабылдауға мүмкіндік беруі.
Референдумда АЭС туралы дұрыс шешім қабылданса, Қазақстан атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдаланатын мемлекеттер қатарына енеді.
aqshamnews.kz сайтынан алынды