Еңбекшіқазақ ауданында АЭС салу жөнінде референдумды халыққа түсіндіуруге арналған халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум — мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екені айтылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында Б.Рахимов АЭС салу жөнінде қоғамда түрлі пікірлер мен қауесеттердің таралып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай маңызды жобаларға қатысты кері пікірлердің болуы қалыпты жағдай, бірақ азаматтар сарапшы мамандардың пікіріне сенуі керек.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Азаматтар АЭС құрылысына қажетті кадрлар мен ресурстар мәселелеріне қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Халық қалаулысы бұл мәселелердің шешімі табылып бар екенін және арнайы сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.