Іле ауданы Боралдай кентіндегі №54 орта мектептің ұжымына атом электр станциясының құрылысы адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жайында кездесу өтті.
«Біз көрші мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көзі қажет. Сондықтан АЭС салу мәселесі еліміз үшін өзекті болып отыр. АЭС тек дамыған елдерде ғана бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бізде осыған қарай ұмтылуымыз керек. Бұл – болашақтың жобасы. Біздің балаларымыз келешекте жарық, жарқын өмір сүруі қажет. Тек бірге ғана елдің болашағын жасай аламыз – деді штаб төрағасы Алмасбек Сатибаев.
Электр энергиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Ендеше энергетикалық тәуелсіздікке қалай қол жеткізуге болады? Ол үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет. Ал мұндай энергия көзі тек атом электр станциясы болуы мүмкін. Дәл қазіргі уақытта АЭС-ке балама жоқ. Мұны әлемдік тәжірибе растап отыр. Бұл пікірді осы саланың сарапшылары мен ғалымдары да толығымен қолдайды», – деді штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев.
Кездесудің соңында колледж ұжымы өз пікірлерімен бөлісіп, Қазақстанда АЭС салынуды толығымен қолдайтындығын айтты.