Бүгін Халықтық штаб өкілдері Еңбекшіқазақ ауданында И.Шорманов атындағы мектеп ұжымымен АЭС салу бойынша кездесу өткізді.
Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып, болашақтағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақыру.
Жиында сөз алған Халықтық штаб өкілі Т.Ұзақов, АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу екендігін, себебі алдағы 10-15 жылда елімізде электр қуатының жетіспеушілігі бірнеше есеге артуы мүмкін екенін жеткізді. Осыған байланысты ғалымдар түйткілдің түйінін тарқату үшін АЭС салуды ұсынып отырғанын айтты.
Сондай-ақ «Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесін көтерді. Бұл — уақытылы қозғалған тақырып. Егер қазірден бастап әрекет етпесек, энергетика саласында күрделі проблемалар туындауы мүмкін», — деді А.Талкамбаева
АЭС жобасы жаңа жұмыс орындарын ашу, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуына, электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін жеткізді.
И.Шорманов атындағы мектеп ұжымы тарапынан АЭС салуға байланысты қойылған сұрақтарына жауап берілді.